Аудан әкімі

Жүсібалиев Асқар Қазиханұлы
1963 жылы 23 тамызында Ақтөбе облысының Ойыл ауданы, Ойыл ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан облысындағы Ауыл шаруашылығы институтын "ғалым, агроном", 2008 жылы, Алматы экономика және статистика академиясын есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1985 жылы Ақтөбе облысы Исатай ауданы Ақыраб совхозының агрономы болып бастады. Қазақстан компартиясының Қобда аудандық комитетінің нұсқаушысы, бас агроном, ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, "Бестау" ЖШС-ның директоры болып еңбек етті. 2007 жылы Ақтөбе облыстық жер қатынасы басқармасы бастығының орынбасары, одан кейін ҚР аймақаралық жер инспекциясы агенттігінің Ақтөбе облысы және Батыс Қазақстан облысы басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 2011 жылдың сәуір айынан бастап Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі болды. 2016 жылдың шілде айынан бастап Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімі қызметін атқарды.
2018 жылдың 24 қыркүйектен бастап Қарғалы ауданының әкімі.