Келісім және келісім шарттар

Меморандум туралы ақпарат
Қарғалы ауданы бойынша 2017 жылдың қаңтар айында жұмыс берушілер, аудан әкімдігі және кәсіпорындар басшысылар арасында еңбек құқықтарын тұрақтандыру және жұмысшылар кепілдемесі мәселелері бойынша өзара ынтымақтасу туралы Меморандумға кол кою жұмыстары жүргізіліп, 13 ЖШС-лер және 1 орта мекеме (Қарғалы аудандық ауыруханасы) және 89 жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары Меморандумға толығымен кол қойылып, жинақталды. Барлығы 103 мекемеде 1181 адам жұмыс істейді.
Қарғалы ауданы бойынша былтырғы жылы және алдағы уақытта жұмыстан қысқартулар және жұмыскерлердін босатылуы күтілмейді.
Аудан бойынша еңбек ақы қарызы жоқ екендігін хабарлайды.