Қазақстанда алимент өндіру тәртібі өзгерді

Қазақстанда алимент өндіру тәртібіне өзгерістер енгізілді. Енді жеке сот орындаушылары мәжбүрлеп орындау шараларын қабылдау мерзімін соза алмайды, ал алименттерді бірінші кезекте өндіріп алады. Бұл туралы Әділет министрлігінде баспасөз қызметі хабарлады.
27 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «атқарушылық іс жүргізу мен қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
«Қабылданған түзетулермен жеке сот орындаушыларының алимент, жалақы, зейнетақы, жәрдемақы өндіру туралы, азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы атқарушылық құжаттарды орындауының басымдығы бекітіледі»,- деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Бұған дейін кейбір жеке сот орындаушылары мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану мерзімін созған, оларды неғұрлым тартымды деп санаған.
«Енді мұндай іс жүргізу бойынша бір ай ішінде мәжбүрлеп орындатпау жеке сот орындаушысы қызметімен айналасуға арналған лицензиядан айыруға алып келуі мүмкін. Бұдан басқа, мемлекеттік еңбек инспекторының жалақыны төлеу нұсқамасына атқарушылық құжат мәртебесі беріледі. Бұл шара жұмыс беруші құқықтары бұзылған азаматтарға жалақыны өндіріп алу мәселелерін тез шешуге, соттар мен сот шығынадарын үнемдеуге мүмкіндік береді», - деп толықтырды ведомстводан.
Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң 2020 жылғы 8 шілдеде күшіне енді.
Қарғалы аудандық прокуратура