«Жалған терроризм үшін жауапкершілік»

Жалған террроризм-Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабында жауаптылыққа көзделген қылмыс.
Бұл - қоғам үшін қауіп төндіретін және оның қауіпсіздігіне қол сұғатын фактор.
Бұл құқыққа қарсы іс-әрекеттер бірінші кезекте азаматтардың тыныштығын бұзады және құқық қорғау, өзге де шұғыл арнайы қызметтердің күнделікті қызметінен алаңдатады, сондай-ақ қоғамдық демалыс және көлік объектілерінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.
Жалған террроризмге кінәлі деп танылған адамға 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ осы жалған хабарламаға байланысты мемлекетке келтірген барлық шығындарды өндіріп алу қаупі төнеді.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарына қол жетімді мүмкіндіктер мен ресурстар терроризм актісі туралы жалған хабарлама жасаған кінәлі адамдарды кезекші тәулік ішінде анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, қалыптасқан тәжірибе бойынша, кінәлі адамдарға әрдайым қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылады.
Мысалы, ағымдағы жылдың басында Ақтөбе облысы ІІД ЖБО-ға көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлама келіп түсті. Осы факті бойынша сол күні бірден кінәлі тұлға анықталып,қамауға алынды.
Нәтижесінде сот үкімімен азамат" К " жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеумен 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан басқа, одан 400 мың теңгеден астам сомада салынған жарылғыш құрылғы туралы қоңырауға қызмет көрсетумен байланысты келтірілген залал өндірілді. Азамат " К " айтуынша, аталған тұрғын үйдің тұрғындарымен әзілдеу үшін жалған қоңырау шалған.
Сондықтан, азаматтарды осындай заңсыз әрекеттерді жасауға жол бермеугежәне жалған террроризм үшін қылмыстық жауапкершіліккетартылатындығын ескерткім келеді.
Жалған терроризмге байланысты "қалжыңдасу" ойы бар әрбір азамат мұндай жауапсыз еркеліктің салдарынан болатын зардаптар жөнінде ойланғаны дұрыс.
Қарғалы аудандық прокуратурасы