Қарғалы аудандық мәслихаттың «2020-2022 жылдарға арналған «Велихов ауылдық округі әкімінің аппаратты» ММ бюджетін бекіту туралы»шешімі жобасына өзгерістер енгізу БАСПА-РЕЛИЗІ

2020-2022 жылдарға арналған Велихов ауылдық округ бюджетін бекіту туралы, оның ішінде 2020 жылға мына көлемде бекітіледі:
1. 2020 жылға кірістер – 19509,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1329,0мың теңге;
Басқа да салықтық емес түсiмдер -1,2 мың теңге
трансферттер түсімдері - 18179,0 мың теңге;
2. шығындар – 19509,2мың теңге;
3. Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 04желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес:
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшері – 42 500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 651 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 31 183 теңге.
.2019 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округтерге берілетін субвенция көлемі –18179,0 мың теңге;
4. 2019 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер, даму трансферттері және кредиттер түскені ескерілсін:
15395,2 мың теңге – Аудан әкімі Велихов ауылдық аппаратының қызметін қамтамасыз ету;
660,0 мың теңге - елді мекендерде көшелерді жарықтандыру туралы;
451,0 мың теңге-Елді мекендерді санитариясын қамтамасыз ету
2103,0 мың теңге - елді мекендерді сауықтыру және көгалдандыру;
900,0 мың теңге - Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда , ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Аталған трансферттерді бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
«2020-2022 жылдарға арналған Қарғалы аудандық бюджетін бекіту туралы» шешімнің жобасы http://kargala.aktobe.gov.kz/ сайтында 2020 жылдың 20 наурызында, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында2020 жылдың 06 наурызында орналастырылды. Қарғалыауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2020 жылы 20наурызындағы №20 хатымен алынды.