Ауылдастарға көктемгі тарту

Жылдағы дәстүрге сай биылда қаржылық қиындыққа, елде өтіп жатқан түрліше жағдайларға қарамастан қазаққа қасиетті қос мерекенің шашуындай аудандағы ауыл шаруашылық құрылымдары қыстай алда келер Ұзын сарыға сақтағандарымен жыл басының жылы жұмсағын қол жетімді бағаға ауылдастарына ұсынған жәрмеңке өтті.
Өткен сенбіде, көрісу күні бадамшалықтар ауылдастарының қолжетімді бағамен ұсынған азық түліктерін алмаққа ертелете орталық алаңға ағылды.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшілігімен ұйымдастырылған көктемгі жәрмеңкенің мақсаты Қазақстанда жасалған өнім, соның ішінде ауылдастарының өнімін көрсете отырып ұсыну болды. Аудандағы ауылдық округтерінің басым көпшілгі белсене қатысып, ауылдық округі әкімдері жетекшілік еткен жәрмеңке көпшіліктің көңілінен шықты деуге болады.
Бағымдағы сиыр етін сыйға тартқан Степной, Велихов ауылдық округтері 460 кило етті нарық бағасынан 15 пайызға сатса, басқада қой еті 240 кило шошқа еті 35 келе нарық бағасынан азда болса арзанға сатылып тез өтіп кетті. Жалпы алғанда төрт түліктен алынар ет, сүт өнімі, қазы - қарта, бал, қаймақтан бастап бәрі алушыларын тауып, өтті. Ас атасы наннан кейінгі картопты 75 теңгеден ұсынған Актеп ЖШС-ы сатушыларының келуінен - кетуі жылдам болып, алушылар қаптап алып, қас пен көздің арасында талап кетті. Осы өткен жәрмеңкеде ұсынылған ауылшарушылығы өнімдері нарықтан сәлде болса төмен бағаға сатылып, алушыларда риза болып ауылдастарына алғыстарын білдіре еңбектеріне табыс тілеп тарасты.
Бақыт Имашев