Бюджет тыңдалып Мақұлданды

Өткен аптаның сәрсенбісінде аудандық мәслихаттың кезекті 49 сессиясы өтіп, оған Желтау ауылдық округінің депутаты Жұмабек Қолжанов төрелік етті.
Кезекті сессия отырысына аудан әкімі Асқар Жүсібалиев, аудандық мәслихат хатшысы Надежда Заглядова, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Аманғос Төлеуов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыржан Бисенов, қоғамдық кеңес мүшелері,ауылдық округі әкімдері, мекеме басшылары қатысып, депутаттардың мақұлдауы мен қолдауының куәсі болды.
Кезекті сессия отырысында аудандық экономика және бюджеттік мәселелер қаралды. Тақырыпқа сай кімге қанша қаржы қалады, ауданның кірісі қай бағытқа жұмсаладыны баяндаған аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Арман Алгартов аудандық бюджеттің кіріс - шығысын талдап жеткізді. Баяндамашының тізбелеген есебінде бәрі орынымен жұмсалатындығын естіп білген халық қалаулылары бір ауыздан мақұлдап, кіріс шығысты қадағалауды тапсырды.
Келесі кезекте аудандағы 8 ауылдық округтің әкімдері өз бюджеттеріне жиған тергендерін өз игіліктеріне жарату жолдарын жеткізе, өз қаржымызды өзімізге бұйыртыңыздар деген өтініштерінде депутаттар бір ауыздан мақұлдап бұйырсын деген тілектерін бір кісідей қол көтеру мен жеткізгендей болды. Аудандық әлеуметтік бөлімінің басшысы Айгүл Бижанова әлеуметтік салада жасалып жатқан жұмыстардың толықтыру тұстарына тоқтала кетті. Депутаттар алдында аудан әкімінің орынбасары Асланбек Шүйіншалиев қаржы қайда жұмсаладыны толықтырғандай ауданда өткен жылы жасалған жұмыстарды жіпке тізіп жеткізе, биылғы межені де баяндап өтті. 2020- 2021 жылдарға арналған даму перспективалары да жетерлік. Атап айтқанда 9 жобадан тұратын «Ауыл- ел бесігі" бағдарламасында ауыл- аймақта біраз жақсылықтар жасалмақшы. Ауданның сәулеті мен айналысатын қала құрылыс бөлімінің алдында «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы жұзеге асып, аудан халқы игілігін көрер игі істерді де депутаттардың есіне салды. Ауыл шаруашылығымен айналысатын ауданымыздың 2020-2025 жылдар аралығындағы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы аясында межелі жұмыстарды толық баяндап өтті деуге де болады. Биылғы жылда да атқарылар жұмыстар жетерлік. Тек әлемдік экономикалық дүрбелеңнің салқыны тимесін деп тілейік.
Аудан көлемінде 5992адамға тікелей қызмет көрсетіп ,449 адамға зейнетақымен жәрдем ақыларына мезгілінде алуға жәрдемі тиіп отырған Қазпошта аудандық филиалының 2019 жылғы атқарған жұмысын жеткізген Қазпошта торабының басшысы Даригуль Сарина да өз саласының атқарған жұмыстарын баяндап, депутаттардың сұрағына жауап берді.
Баяндамашы өз сөзінде аудандық орталық поштада маман жетеді 5 оператор, 3 қаржылық, 1 агенттік, 1 пошта оператор барын баяндап маманға тапшы емеспіз деген сыңай танытып, баспа сөзге басылымға келгенде 60 пайыз деп шүкіршілік етуі халық қалаулыларын елең еткізгендей болды. Анығын айтқанда ойланатын жағдай. Депутаттардың сауалына қарағанда осы 60 пайыз басылымды мезгілінде жеткізу 60 пайыздан аспай тұрғаны байқалып қалды. Өкпе де жоқ жарты айлық алатын пошта жеткізушілері несіне асықсын. Шындығы керек біраз жұмыстар төлем алымдар атқарылып халық қажетіне жарап тұрған пошта торабының жұмысын жоққа шығаруға болмас. Алайда ширатар тұстары баршылық, - деген депутаттар, ең болмаса зейнет ақы аларда қарттарды қалтыратып тұрғызбау жағын еске сала қанағаттанарлық деген баға берісті.
Кезекті сессияны қорытындылаған аудан әкімі А.Жүсібалиев игіліктің ерте кеші жоқты еске сала, Мәслихаттың 25 жылдығына орай аудандық мәслихат депутаты Рахымғали Сақтағанов пен аудандық мәслихат депутаты фракция жетекшісі Николай Смолинецке ҚР Парламент сенаты төрағасы Дариға Назарбаеваның Алғыс хатын, сондай ақ Желтау ауылдық округінің депутаты Жұмабек Қолжановке ҚР мәслихаттары қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасын табыстап, еңбекте табыс тілеп, марапатталған халық қалаулыларын құттықтауға жалғасқан сессия өз жұмысын аяқтады.
Бақыт Имашев