Азаматтардың дербес мәліметтерінде анықталған сәйкессіздіктерге түзету жүргізу бойынша Ж А Д Ы Н А М А

I.Сізге қатысты азаматтық хал актілерінде /туу туралы, неке қию, неке бұзу, қайтыс болу және т.б./ақпараттық жүйелерде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда түзетулер енгізу үшін төменде көрсетілген тәртіппен өтініш бере аласыз:
- Электронды – сандық қол таңбаңызбен «Электронды Үкімет» порталындағы «жеке кабинетіңіз» арқылы/акт жазбаларының өзектілігін тексеру сервисі қарастырылған/
- Тұрғылықты жеріңіз бойынша азаматтарға арналған Мемлекеттік корпорация /ХҚКО/ арқылы
-Тұрғылықты жеріңіз бойынша әкімдіктердің азаматтық хат актілерін тіркеу бөлімдері арқылы
- Жергілікті әділет департаменттері арқылы