Елім деп жырлаған үш бәйтерек

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ халқының “Үш бәйтерегі” – көп ұлтты кеңес әдебиетінің негізін салушы, Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер - коммунист Сәкен Сейфуллинге, Қазақ кеңес әдебиетінің ірге тасын қалаған “алыптар тобындағы” ірі ақын, іргелі прозаик және драматург Бейімбет Майлинге, Қазақ кеңес әдебиетінің бастау қайнарында тұрған құдіретті талант иесі, ақын, драматург, прозаик Ілияс Жансүгіровке арналған «Елім деп жырлаған үш бәйтерек» мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Сайыста Мұқағали Мақатаевтың «Сәкенге», Тұрсынзада Есімжановтың «Жансүгіров», Бақыт Беделхановтың «Сөз құдіреті - Бейімбет» өлеңдері оқылды.
Сайыс қорытындысы бойынша І орын Шамшырақ Боранбаева (№2 Бадамша орта мектебі 4 «» сынып), ІІ орын – Арай Қадыр (№2 Бадамша орта мектебі 5 «а» сынып), ІІІ орын – Адина Құрбанғали (№2 Бадамша орта мектебі 5 «а» сынып) иеленді.
Қарғалы – ақпарат