Тіршілігін танытқан Әлімбет

Әлімбет ауылдық округі елмен-елді жалғап жатқан елді мекен. Сондықтанда біз ауыл аймақтың мәдени де әлеуметтік дамуына барымызды саламыз. Осы орайда ауылдық округте алға жылжу бар. Барды бар деп айту керек, - өз сөзімде солардың бір қатарын сөз етпекпін.
Әлімбет ауылдық округі әкімі аппаратының барлық жұмысы ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларына сәйкес округтегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық бірлікті сақтауға бағытталған. Біз тыл еңбеккерлері және еңбек ардагерлерімен, көп балалы аналармен, еңбек ұжымдарымен, жастармен Президенттің халыққа Жолдауын түсіндіру, талдау мақсатында жүйелі түрде әр түрлі кездесулер өткізілді.
Ауылдық округ әкімі аппаратына есеп беру кезеңде жеке тұлғалардан 10 жазбаша және 2 ауызша арыз-шағым түсіп, барлығы қаралып, қанағаттандырылды.
Ауылдық округ әкімінің жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару функцияларын атқаруға бағытталған қаражаттардың түсімі мен шығындардың 2019 жылғы жоспарына сәйкес Әлімбет ауылдық округі әкімінің аппараты төрт салық түрлерін жинаумен айналысты: нәтижесінде қолдағы ақшаның бақылау есеп шотына түскен қаржыға елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыруға, санитарияны қамтамасыз ету үшін, жолдарды күтіп ұстауға жұмсалды.
5 млн 072 мың теңгеге Әлімбет ауылының Қазақстан көшесінің бойында демалыс саяжайы салынды. Алаңы таспен қаланды, айналасы қоршауланды, жарықтандыру құралдары орнатылып, сахна мен отырғыштар орнатылды.
1млн 250 мың теңге жергілікті бюджеттен және 1 млн 82 мың теңге «Өңірлерді дамыту» бағдарлама арқылы 1941-1945 ж .ж Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған Ескерткішіне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алаңына тас (брусчатка) төселді, отырғыштар орнатылды, мүсіннің және стэлланың келбеті жаңартылып және қаза тапқан жауынгерлердің аты-жөні жазылған гранит тақтайшалары орнатылды. «АссанаДорСтрой» ЖШС-нің демеушілік көмегімен кіре -беріс алаңына асфальттік төсеніш төселді.
Ауылдың кіре-берісінде «Сүйікті ауылым Әлімбет» атауы бар тақтайшаға 550 мың теңге жұмсалды.
Кедейлікпен күрес мақсатында және «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікпен айналысу», «Еңбек» бағдарламасы негізінде ауылдық округ әкімі аппараты жоспарға сай аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету жұмыстарын жүргізді. Атаулы әлеуметтік көмек 19 отбасына тағайындалды, оның ішінде 2 отбасының табысының мөлшері артқандықтан қабылданбаған.Қоғамдық–ақылы еңбекке жыл бойы 13 адам тартылды.Шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерде 3 әлеуметтік жұмыс орны ашылды. «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы 18 жастар тартылды.
Жұмыссыздықпен күресу және нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікке тарту мақсатымен «Бизнес бастау» жобасы аясынды 1 адам грантқа құжат тапсырып, сертификаттарға ие болды. Бүгінгі күні ТҚС ашпақ болды және 3 жас «Жас кәсіпкер» бағдарламасы арқылы оқудан өтті. 3 адам қайта даярлау курстарына жіберілді.
Қоғамдық–ақылы жұмыстарына жыл сайын 1, ал тұрақты жұмыс орындарына 4 мүгедек орналастырылды.
100 орынды мектеп ғимараты 2016 жылы іске қосылған, жаңа озық технологиялық типтік химия, физика, биология және мультимедия кабинеттерімен жабдықталған. Мектеп медициналық кабинет, спорттық залы мен 40 орынды асханасы, кітапхана мен ауласында спорттық алаңмен қамтылған. 2018-2019 оқу жылының соңында оқушы саны – 121 оқушы.
Жеті сайын Шандыаша ауылынан балалардың тасымалдауы ұйымдастырылған.
Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру жыл сайын жалғасуда. «Бақытты бала» акция шеңберінде демеушілік көмегімен аз қамтылған, көпбалалы отбасылар жазғы лагерьлерінде демалып қайтты.
Жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол» акция бойынша округтің ЖК, ШҚ басшылары, мекеме басшылары аз қамтылған, көпбалалы, әлеуметтік қорғалынбаған отбасыларының балаларына қайырымдылық көмек көрсетілді.
«Туған жерге тағзым» республикалық акция шеңберінде Әлімбет орта мектеп-балабақшаның техникалық-материалдық базасын нығайту мақсатымен 110 млн теңге, жалпы соммада мектеп түлектерімен қайырымдылық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, «Фатима» шаруа қожалығының басшысы мектебінің күлін шығару жұмыстарына 200 мың, «Колос» шаруа қожалығының басшысы С.Вандич Әлімбет Бөгенбай арасындағы көлік жолына ағымды жөндеу жұмыстарын 1 млн 200 мың жалпы соммада жүргізді. Ал, «АссанаДорСтрой» ЖШС нің көмегімен Ескерткішке 1 млн 505 мың теңгеге асфальт төсеніші мен 280 мың теңгеге балаларға арналған футбол алаңын құрды.
Тұрғындарға ауылдық дәрігерлік амбулаториясы және оның Шандыаша ауылындағы бөлімшесі қызмет етеді. Қызметкерлер штат саны - 10 адам. Амбулатория қажетті медицина мамандармен, қызметкерлермен, жедел жәрдем машинасымен қамтамасыз етілген, 2 керуеттік күндізгі стационар және дәріхана жұмысын жасайды. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ, туберкулез бен онкоауруларының алдын алу және ағарту жұмыстарын дәрігерлік амбулаторияның ұжымы тұрақты түрде жүргізіп жатыр.
Әлімбет ауылдық округте барлығы 8 шаруашылық қожалықтары жұмыс істейді.Әлімбет ауылдық округінің ауыл шаруашылықтарының егілген жерлері 797 га. Округ бойынша мал басы 905 бас ірі қара, 1450 бас ұсақ мүйізді, 63 бас жылқы мен 129 бас шошқа бар. Ауданда және облыста өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкелерге округ атынан шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары белсенді қатысып, өз өнімдерін төмен бағамен сатады.
Ауылдық округте 42 шағын кәсіпкерлік, 2 ЖШС жұмыс жасайды, оның ішінде жұмыс жасап жатқандардың саны 132 адам. Ауылда жеке кәсіп ашушыларға барлық жағдай жасалған. Олардың өз кәсібін ашуға көмек және ақпарат алуларына мүмкіндіктері бар. Оған мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікпен айналысу», «Бизнес жол картасы-2020», «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламалары да бағытталған.
Ауылдық округте ауылдық клуб пен кітапхана жұмыс жасайды. Жыл сайын кітап қоры толығып отырады. Жыл бойы Әлімбет ауылдық клуб жұмысының негізгі бағыттары: хореографиялық, вокалдық, инструменталдық (домбыра оркестрі), көркем сөз. Барлық округінің мерекелері кеңінен тойланады, Наурыз мейрамына киіз үй тігіліп, дастархан ұйымдастырылады. Ұлттық спорттық ойындар мен концерттік бағдарлама ұсынады. Ауылдық клубының ұйымдастыруымен биылғы жылы 4 шілдеде аудан орталығында Әлімбет ауылының күні өткізілді. Бұл мерекеде ауылымыздың тарихы, табиғаты мен тұрғындары жөнінде біраз мәселелер көрсетілді, киіз үй тігіліп, дастархан жайылып, көрме ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде «Колос» пен «Әлім» шаруа қожалықтарының өнімдері және тәтті мақта мен қәуап сатылды, гір көтеру мен қол күрес спорттық шаралар өткізіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды.
Әлімбет ауылдық округі әкімінің жанында құрылған жастар істері жөніндегі кеңес жұмысын жасайды. Жазғы мезгілде «Жасыл ел» бағдарламасына 18 жас, оның ішінде оқушылар, студенттер мен 2 жұмыссыздар мен 1 мүгедек тартылған. Ауыл жастары ауылдық және аудандық фестивальдар,семинарлар мен басқа да байқауларға, спорттық, мәдени-көпшілік шараларға белсене қатысады. Ресейлік Орынбор облысының Пригорное шекаралас ауылының воллейбол командасымен Әлімбетте барлық аудандық воллейбол командарының қатысуымен кездесулер өткізілді.Командалар сыйлықтар, мадақтау қағаздар мен ауыл әкімінің кубогына ие болды.
Биылғы жасалған жұмыстарға қысқаша тоқталдық, алда әлі де міндеттер мен жасалар баршылық.
Науат Абдрахманова
Әлімбет ауылдық
округінің әкімі