Әлеуметтік жағдайды жақсарту басым айтылды

Жаңа мемлекет басшысының алғашқы Жолдауы өзектi мәселелердiң шешiмiн табуға оңтайлы әсеретеді деген ойдамын. Алғашқы жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетiмiз үшiн маңызды да өзектi мәселелерді көтеріп, жаңа идеялар мен ұсыныстар берiп отыр. Шағын және орта бизнесті салықтан босату, Үкiмет мүшелерiне жауапкершiлiктердi жүктеу, азаматтардан келiп түскен өтiнiштер мен арыз шағымдарды қарау секiлдi мәселелердiң шешу жолдарын қарастырған. Сонымен қатар Жолдауда мұғалімдер жалақысы, тiл, зейнетақы жинақтары мен қазiргi уақытта маңыздылыққа ие болып отырған митинг өткiзуге қатысты мәселелер де қаралған. Қазақстан президенті сексуалды зорлық, педофилдер мен есірткі таратушылар, адам саудасы, әйелдерге тұрмыстық зормбылық көрсету, жеке тұлғаға қатысты қылмыстар, оның ішінде балаға қатысты қылмыс жасаушыларға жазаны күшейту керектігіне баса тоқталды. Жолдау халықтың жағдайын жақсартуға үлкен септiгiн тигiзедi деген ойдамын.
Бақытбек Уақбаев,
Қарғалы орталық аудандық
ауруханасының хирург дәрiгері