Сотталғандарға ізгілікпен ықпал ету

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаменті Қарғалы аудандық пробация қызметінің негізгі және іргелі қызметі әрбір сотталғандарға заңдылықпен, ізгілікпен ықпал ету болып табылады.
Қарғалы аудандық пробация қызметінің есебіне аудандық және басқа да соттардан түскен үкімдер бойынша орташа есеппен 35-40 адам, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға (шартты сынақ мерзімге, бас бостандығынан шектеуге, түзеу жұмыстарына, қоғамдық жұмыстарға тартуға, жазасын өтеуді кейінге калдыруға, белгілі бір лауазымды немесе белгілі бір кызмет ету құқығынан айыруға) сотталғандар өтеді.
Қарғалы аудандық пробация қызметі осы сотталғандарды есепке алып қайта қылмыс жасаудың алдын-алу мақсатында олармен тәрбиелік тұрғыда олармен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, жазаларын өтетіп есептен шығарады.
Сотталғандармен жұмыс жасауда пробация өзара жыл сайынғы жасалған жоспар аясында ІІБ-мен бірлесе отырып пробация есебінде тұрған сотталғандардың мінез-құлқын, жүріс-тұрысын қадағалап түзелу жолына түскендерін сот шешімдері арқылы жазаларын өтеуден мезгілінен бұрын босатады, шартты жазаларының күшін жойып соттылықтарын алып тастайды, ал керісінше түзелу жолына түспей қоғамға жат қылықтарымен көрініп жүргендерінің жазаларын бас бостандықтарынан айырумен алмастырылып, түзеу мекемелеріне жіберіледі, жазаларын басқа жазамен алмастырады.
Сондықтан, ойланбай, байқаусызда жасаған қылмыстарынан арылғысы келетін сотталғандарға бұл жазалар ізгілік тұрғысында қоғамымыздың жасап отырған мүмкіндігі екендігін біле жүргенін қалаймыз.
Ж. Жаксылыков,
аудандық Пробация қызметінің
инспекторы әділет аға лейтенанты