Қарттардың да өнерге бар таласы

Қария - қазына ағып тұрған дария - деп жатамыз. Халқымыздың шежіресі, салт –дәстүрі, тағылым- тәрбиесін ұрпаққа жеткізуші, қойнауы құт қарттарымыз ұлттық өнерді ұлықтаушылар. Оған дәлелдей облыс көлемінде, әр аймақта өсіп ,ел таныған зиялы ата –әжелеріміз Ақтөбеде басқосып таныса- білісе келе, Халықаралық дәрежедегі мәдениет майталманы Қаракөз Сағынованың өнерге бейімдеу шеберлігімен «Атамекен», «Асылым» ансамбльін құрып, ардагер аталар, асыл әжелер ауыл –аймақты аралап замандастарын өнермен сусындатып жүр.
Жоғарыда атап өткен ансамбльдің құрылғанына бірінші жыл жаңа толып жатыр. Кезінде әр аймақта еңбек етіп, ел таныған ел азаматтары бас қоса - біздің де өнерге үлес қосуымыз керек - деген ұйғарыммен облыстық мәдениет, ішкі саясат бөлім мамандарына ұсыныспен шығып- иә сәт деп бастап кетті. Аз уақытта біршама аудандарда болып замандастарын желпінтіп, ықыласқа бөленіп, қанаттары кеңейе жастары келген шақта ізденіспен жігердің арқасында өнерлері өрге басып келеді. Әр сала мамандарының іздемпаздығын жоғары бағалаған мәдениет министрлігі өкілдерінің ұйғарымымен қанат қаққанына жыл болмай жатып халықтық ансамбль атағын алуы жайдан- жай болмаса керек.
Өткен аптаның дүйсенбісінде ақтөбелік ата–әжелер бадамшалықтарды ән мен күйге бөлеген қарттар әуелете ән салған кеш өтті.
Алды 85 жасты жиектесе ең жасы 63 жасқа аяқ басқан өнерпаздар сахнада жастықты еске салар «Отан» әнінен бастап «Бейбітшілік маршымен жалғаған өнер кеші ауылдықтарға тамаша тарту болды.
«Асылым» әжелер тобы, «Он алты қыз», «Әпиток» әндерін нақышына келтіре шырқаса, ардагер ұстаз Сағын Бекболатов үлкендерге таныс сазгер Алтынбек Қоразбаевтың әсем әуезді әндерін еске сала орындады. Жеке орындаушылардың орындаған әндері де жарасымын тауып жатты. Төлеп Науатовтың күмбірлеген күйлері қошеметке бөленген кеш үлкендерді желпінте жастықты еске түсіргендей болды. Сахнаның сәнін, өнердің мәнін келтірген ақтөбелік ардагерлер Ескендір Хасанғалиевтың еліміздің екінші гимніне айналған қазаққа рух берер «Атамекен» әнін көрермендір мен қосыла шырқап ән шашуларын шашқан кеш аяқталды.
Көрермендер алдында сөз алған ансамбльдің көркемдік жетекшісі Қаракөз Сағынова ансамбль мүшелерімен таныстырып ыстық ықыласпен қарсы алған аудан әкімінің орынбасары Жақсат Төлегенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыржан Бисенов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асхат Айжарықов, аудандық мәдениет үйінің директоры Мейрамбек Мысаевтарға алғыс айтты. Сөз ретінде ел жерді аралап жүрген ата-әжелер атынан қарттары молдау, жастары аздау болды демесек қошеметтеріңізге ризамыз деген ықласында білдірді.
Аудан әкімі атынан орынбасары Ж.Төлегенов, аудандағы үлкендер атынан С.Бисеновтар алыстан ат артып келген ата-әжелерден құрылған ансамбльге алғыс білдіріп, естелік сый-сияпат табыстап, өнерде табыс тілеп, қошемет көрсетілді.
Бақыт ИмашевЖоғарыда атап өткен ансамбльдің құрылғанына бірінші жыл жаңа толып жатыр. Кезінде әр аймақта еңбек етіп, ел таныған ел азаматтары бас қоса - біздің де өнерге үлес қосуымыз керек - деген ұйғарыммен облыстық мәдениет, ішкі саясат бөлім мамандарына ұсыныспен шығып- иә сәт деп бастап кетті. Аз уақытта біршама аудандарда болып замандастарын желпінтіп, ықыласқа бөленіп, қанаттары кеңейе жастары келген шақта ізденіспен жігердің арқасында өнерлері өрге басып келеді. Әр сала мамандарының іздемпаздығын жоғары бағалаған мәдениет министрлігі өкілдерінің ұйғарымымен қанат қаққанына жыл болмай жатып халықтық ансамбль атағын алуы жайдан- жай болмаса керек.

Бақыт Имашев