Ауылдан тарту

Жылдағы үрдіске сай күрең күз басталысымен Елордада барлық облыстардың күндері өтеді. Осы айтулы шараның аясында өткен аптаның сенбі, жексенбі күндері облыстан аттанған керуен арасында біздің ауданның да ауыл еңбеккерлері де жиған тергендерін Нұр - Сұлтандықтарға тарту етті.
Нұр- Сұлтан қаласына Ақтөбе облысының 12 ауданынан ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші "Айс", " Агрофирма Тау", "Шекшек Ата"ШҚ,"Ақтөбе Нан", ӘКК "Айбек","Тандем W", "Гринхаус Қазақстан" т.б 20 кәсіпорын жалпы 215 тонна азық-түлік алып барды. Оның 65 тоннасы ет өнімдері, 85 тонна картоп, жеміс-жидектер,10 тонна сүт, 6 тонна ұн және ұн өнімдері, жұмыртқа, балық, бал т.б. өнімдер жәрмеңкедегі тауарлардың ұшынған базар бағаларынан 10-15% төмен таратылып, елордалықтардың ризашылығына бөленгендер арасында біздің ауданның ауыл еңбеккерлері де ет, сүт, бал, бау бақша өнімдерін т. б. бір сөзбен айтқанда қолда барын тарту етті.
Жәрмеңкенің мәнін келтірген облыс өнерпаздары әннен шашу шашып қошеметке бөленген ауыл дәмін ұсынғандардың тартуы көңілді демалысқа ұласты.
Биылғы күзден естеліктей ауылдықтар ауыл дәмін ала барған күні жоғарғы деңгейде өтуге біздің ауданның ауыл еңбеккерлері де айтарлықтай үлес қосты,- деген аудан әкімі Асқар Жүсібалиев сейсенбіде өткен аудандағы әр сала мамандарымен өткен аптаны қорытындылау жиынында атаулы жәрмеңкенің әсерімен бөлісті.
Әр еңбектің елеу болады десек,осы жолғы ауылшаруашылық жәрмеңкесіне ұқыптылықпен қатысып, сапалы тауарлар тарту етіп, қарапайым сауда мәдениетін таныта білген қарғалықтарға ризашылық білдірген облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің ризашылығын жеткізіп, өз атынан да аудандағы ауыл шаруашылық кәсіпкерлік саласының майталмандарына алғысын білдіріп, табыс тіледі.
Қарғалы – ақпарат