Қара шаңырақтан жеткен ән

Тақырыпты осылай таңдауымыздың негізі Қосестек ауылы кезінде Башқұрттарға пана, бертін келе бірнеше ұлтқа мекен болған өлке. Алтын сапты, алмас қылышты Сәрке батырдың ат тұяғының ізі қалған тарихта ерекше орны бар киелі өңір.
Кеңес дәурінде Күн көсем Ленин атындағы ауданның орталығы болған ауылды қарғалылықтар қара шаңырағымыз деуі де заңдылық.
Әдеттегідей өткен аптаның бейсенбілік кешінде орталық алаңға Бадамша тұрғындары Қосестек ауылының сәлемдемесінен ауыз тиіп, ән әуенімен тыныстауға асыға басып әжелер немерені сүйрей жетті.
Қарапайым халықпен емен жарқын жүздескен аудан әкімі Асқар Жүсібалиев, аудандық мәслихат хатшысы Надежда Заглядова ауданның зиялы қауымы бастаған топ Қосестек ауылының тергендерін тамашалауды бастады. Шындығы керек 9 кәсіпкер қолдағы барды жайната сауда сөрелеріне шақырып тұр. Төрт түліктен алынған өнімнің бәрі бар, көп ауылда кезіге бермейтін қымыз, шұбат, көженің жөні бөлек. Биылғы бау - бақша өнімі қияр, жеміс – жидектерде жетерлік. Бір сөзбен айтқанда құстың сүтінен басқаның бәрі бар деп сипаттасақ та артық емес. Тұрғандардың дорбалап арқаланғандарына қарап саттық бағалары нарықтық бағадан 20- 25 пайыз арзан екенінде сұрап білдік. Қанаттаса тігілген қос ақбоз үйде бірлігі жарасқан ұлттардың дәмді тағамдарын дәріптесе, келесісінде ауылдық мұражайдың ұлттық нақышты баян еткен жәдіргерлері мен танысуға да болады. Аспан асты сөрелерде ауылдық кітапхана Сәрке батыр жадынамаларынан бастап, ауылдан шыққан белгілі тұлғаларды таныстырған естеліктерінен өткен - кеткенді аңғаруға да болады. Ұзыннан - ұзақ жайылған сөрелер ауылдық округте мекен еткен ұлттар тағамын жайната жасап, дәм ұсына көрермендеріне жасалу жоларын түсіндіріп әлек. Тылсым тарихтан алар өзіндік орыны бар Қосестек ауылдық округіне екі ауыл қарайды Сарыбұлақпен Қосестек ауылдары жер жанаты десекте артық емес. Табиғаты тартымды жері шүйгін екі елді жалғар Қосестек ауылдық округінде 1500 ден аса адам мекен етіп 13 ұлттың басын құрап отырған, дәулеті мен сәулеті жарасқан ауыл. Осындай заман талабына сай ауылда 3 ЖШС, 35 шаруа қожалық, келім – кетімге ақ жол тілеп дәмін ұсынар «Ақ жол» дәмханасынан бастап, ірілі ұсақты жолаушыларға дастархан жаяр орындары баршылық ауылдық округ. Ауылдың өркендеуіне өзіндік үлесі зор ауылдың төл перезенті, еңбек жолын қарапайым ұстаздықтан бастап, мектеп директоры, аудандық білім бөліміне басшылық ете жүре шыңдалған Гүлжан Досмағамбетова іргелі елге ұйтқы болар аудандағы ауылдық округ әкімдерінің аға буыны болып есептеледі
Аулдың жиған тергенінен үлес алып, дәмнен ауыз тиген алаң толы көрермендерді, әсем де шебер ұйқасты тыңдағанды ұйтар үнмен қос кешті жүргізушілер Шапағат Аманжол мен Царина Воронаялар бірін бірі дәріптей таныстыра, кеш қонақтарын әнәуені мен би ырғағына жарыса шақырды. Сахнаға алғаш «Ауылым» әнін шырқаған Ердәулет Тәжібайдың әсем әнінің жалғасы аудан әкімі Асқар Жүсібалиевтың ризашылық сезімдегі құттықтауына жалғасты. Аудан әкімі мерекеге тұрар Ауыл күнінің өтуінің тәрбиелік мән мағынасына тоқталды. Осындай аудандағы игі бастамаға ат салысып, ауылдық округтерінің барша тұрғынына, қолдау білдірген аудандағы әр сала қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Сонымен қатар Қосестектіктердің еңбегін жоғары бағалап, ауыл әкімі Гүлжан Батырғалиқызына қарата қайда да нәзік жандылар ұқыпты деген шынайы ықыласында білдіре кетті.
Одан әрі Бадамшаның аспанын ән мен тербеп биге бөлеген Қосестек өнерпаздары түрлі ұлттық өнерден шашу шашты деуге де болады. Орталық алаң спорттық ойындардан да кенде болмады. Ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындардың бірі асық атудан бастап, арқан тартыс, гір көтеру ойындары айқай - қиқуға ұласып жатты.
Айта кету керек Қосестек ауылының спортқа бейім жанкүйерлері аудан асып республика, облысқа танымал спорт тарландарын түлеткен ауыл. Бүгінгі бадамшалықтардың тағы бір күні әсем әуен, би кешіне ұласып, Бадамша аспанын өрнектеген от шашулар шашылды.
Бізде көпшілікпен жағаласа жүре қонақтардың ой пікірін біле жүрдік. Солардың бірі Қосестек жерінде жастық шағы өтіп 40 жыл мекен еткен, өңірдегі замандаспен қауышқан, жұбы жарасқан қос ұлттың өкілі Геннадий Ким мен Валентина Кимді әңгіме тартқан еді. Қашанда қыздар пысықтау болады ғой Валентина замандастарымен де бізбен де шүйіркелесуге үлгеріп жатыр. Өз әңгімесінде.
- Біз 25 жылдан кейін келіп тұрмыз, мә тамаша өзгеріс деп таңданысын жасыра алмады. Ауылдар жаңарған Қосестектің өзі заман талабына сай ауыл болып қалып, енді ауыл ішінің жолы, ауыл клубы бой көтерсе еуропалық ауылдардан кем болатын түрі жоқ - деген ризашылығында айтам масаттанды. Мен де қаржы бөлімінде бірге істеген әріптестерімді көріп мәз болдым, ұйымдастырушыларға ризашылығымызды білдіреміз - дейді, Германиядан өскен жерін аңсап келген қос қонақ. Сөз соңында бұдан бұрынғы қиын кездей емес Қарғалының қарымын мақтан ете жүретін болдық десті.
Бақыт Имашев