ЖАРЫҚҚА ШЫҚҚАН ЕҢБЕКТІҢ ЖАРЫҒЫ

Баршаға аян 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндылық деңгейде қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 30 мамырдағы жарлығында ел президенті Қасым - Жомарт Тоқаев атап көрсетіп, өзі бас болып Ұлы Абайдың қара сөзін оқу эстафетасын бастап берді.
Ұлы Абай - қазақтың бір туар перзенті. Алдағы жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 10 тамызда 175 жыл толады. Осы атаулы күнді атап өту барысындағы іс- шаралар басталып кетті.
Солардың бірі өткен аптаның жұмасында аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Асқат Түлкібаевтың ұйымдастыруымен облыстық Абайтанушылар тобымен дөңгелек үстел өтіп, оған ауыл жастары, жасыл елшілер, студенттер қатысты.
Аудандық кітапханада өткен кездесуге Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Үмбетхан Сәрсенбин, қоғамдық келісім КММ этносаралық қатынастар саласын талдау және мониторинг қызметі бөлімінің басшысы Мерей Құлжановтар Ұлы Абайдың өмір жолына қысқаша шолу жасап, түсінік жұмыстарын жүргізді. Баса тоқталғандары Ұлы Абайдың өмір жолы. Кезіндей бай атанған әкесі Құнанбайдың мұсылмандар үшін еңбектері Ұлы Абайдың ізбасары Шәкарымның туындыларынан мағлұмат берілді. Ұлы Абайдың өлең сөзіндегі әр мағыналы буындардың біразын сөз тәрбиелік мағынасында түсіндірілді. Мамандар өз сөздерінде Ұлы Абайды оқып түсіну, қыр -сырына берілу, үлкен ізденіс, жігер, білімді қажет ететіндігіне тоқталды. Абай еңбегін дәріптегендер біраз сөзді қозғап, ойға –ойды жалғай отырды. Өз сөздерінде Ұлы Абайдың еңбектерін жарыққа шығарудағы Алаш азаматтары соның ішінде жазықсыз жапа шеккен ұлылардың еңбектеріне ерекше тоқталып өтті. Айтар сөздің тұқ етері. Ұлы Абайдың даналық ілімінің әлі де зерттелер тұсы баршылық - деген әңгімелерін жасалып жатқан іздестіру бағыттарымен толықтыра отырды. Қазіргі жарыққа шыққан еңбегінің қолда бары да кейінгілерге жарығын шашар тәрбие деген ойларын жеткізді.
Біз Ұлы Абайды тәуелсіздік алғалы кеңінен оқып біліп таныса бастағанымыз шындық. Ендеше біз оқып білер тұстары баршылық. Келешек ұрпақтың санасына құя түсу үшін осындай ақпараттық жұмыстар бізге қажет, - деп тарасты ауданның бір топ жастары.
Бақыт Имашев