Латын әліпбиіне көшу мәселесі сөз болды

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуді мақсат етіп тапсырған болатын. Міне, содан бері түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді.
Өткен аптаның жұмасында аудандық орталық кітапханасында «Рухани жаңғыру» көпшілікке насихаттау, мемлекеттік тілді латынға көшіруге қатысты аудандық жастар орталығының директоры Асқат Түлкібаев, аудандық мәдениет үйінің директорының міндетін атқарушы Шапағат Аманжол, аудандық аурухана қызметкерлері, ауыл жастарымен «мемлекеттік тілді латынға көшіру» атты дөңгелек үстел өткізді. Негізінен алғанда ақ халаттыларды таңдап алулары да жайдан – жай емес, өз жұмыстарында латын тілін ежелден қолданып келе жатқандардың бірі медицина қызметкерлері.
Тіл мәселесі дер кезінде көтерілуде Қазақ ұлты өзінің тарихи жолында сан түрлі жазу түрлерін пайдаланды. Ең алғаш тасқа таңба салу арқылы іс- әрекеттерін түсіндірді. Кейін 1928 жылға дейін араб әліпбиін, 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын тілі әрпін, 1940 жылдан бастап кирилл алфавитін пайдаланып келеміз. Бүгінде әлемде көптеген жазу, ғылыми баяндама латын тілінде ендеше көшке еру үшін латын тілінің берері көп.
Дөңгелек үстелге жиылғандар алдынды А. Түлкібаев, Ш. Аманжол, аудандағы тілдерді оқыту орталығының қызметкері Қазақ тілі қоғамының аудандық филиал төрағасы Жайнагүл Жанғазина, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Алтын Нұрмұхановалар бүгінгі таңдағы латын тіліне көшудің маңыздылықтарын жеткізе, бірін- бірі толықтыра отырған кездесу өтті. Сұрақ - жауапта өрбіп жиылған көпшілік біраз мағлұмат алдық деген ризашылықта тарасты.
Бақыт Имашев