Тұрғындармен өткен кездесу

Қандай да өңірде болмасын жаңа құрылыс жобланған тұста жергілікті тұрғындармен кеңесіп екі жақты келісіммен - иә сәт, - деп қолға алу соңғы уақытта өз жемісін беріп келеді.
Солардың бірі Бадамша жобасы – жаңартылмалы энергия көзі болып табылатын желді пайдалану арқасында электр қуатын өндіруге арналған су жаңа жобаның тұрғындар үшін пайдасы болмаса, зияны жоқ екенін түсіндірген кеңес өтті.
Оған аудан әкімінің орынбасары Жақсат Төлегенов жетекшілік етіп отырды. Аудандық мәслихаттың хатшысы Надежда Заглядова, «Нұр- Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапарбек Ааманжолов, депутаттар. ауыл ақсақалдары ауыл тұрғындары қатысты.
Жиылған көпшілікке «Arm Wind» ЖШС-ы директоры Алекс Альфи Стиллавато бастаған техникалық мамандар түсінік жұмысын жүргізді. Ондағы негізгі тоқталып талдағандары. Хромтау ауданымен біздің ауданның қиылысында 2018 жылдың қараша айында бастау алған желдің құдіретімен жұмыс жасайтын энергия тарату құрылғыларының бұйырса 2020 жылдың ақпанында игілігін көретіндігін жеткізді. Мамандардың айтуынша алдағы уақыттарда Қазақстан аумағын толық қамту көзделген . Бүгінгі таңда іргелес Хромтау мен Қарғалы аудандары игілігін көрмекші болып отырған заманауи қондырғының адамға, климатқа келтірер пайдасы болмаса зияны жоқ екенін мамандар жеткізе түсіндірді. Мамандардың айтуынша Қазақстанды таңдап алуы солтүстік жарты шардың жел белдігіне орналасқандықтан біздің ел орасан зор жел ресурстарына ие екенін де еске сала кетті. Бұл қолға алған жоба жергілікті халық үшін бірқатар әлеуметтік, экономикалық және экологиялық артықшылықпен қамтамасыз ететіндігін жеткізе баяндады. Кеңес барысында парақшалар таратылып ауыл тұрғындары түсінікке алып қосарлары жазбаша да білдірді. Ауыл тұрғындары келешекте жүзеге асар Бадамшадағы жобалы энергиялық станциядан бұрын келер жылы іске қосылар екі ауданның қиылысында бой көтеріп жатқан станция барысында сұрақтарын қойды. Алдымен ауыр салмақты жүк машиналарының ауыл маңын шаңға көмуінің алдын алу, жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту, ауыл маңын абаттандыру, табиғатты сақтау төленер еңбек ақы, қанша жергілікті жұмысшы жұмыс жасайтындығы сұралды. ЖШС басшысынан бастап сұраққа жауап беріп өз құзырларына жататындарын пысықтап, мердігерлердің еншісіне тиесілі сауалдарды қадағалап еңбек келісімдеріне қарай талап ететін болып келісті. Табиғатты қорғау барысында біз ауаны ластамаймыз, алайда қызыл кітапқа енген құстардың көктем мен күздегі келім кетімінде аман сақтау басты міндетіміз-деді ЖШС-ы директоры. Екі жақты кеңесті қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ж.Төлегенов аса ірі компания басшылығы жергілікті тұрғындарға түсінік жүргізіп, келісім сұрап кеңес өткізгендері үшін алғысын жеткізді. Сондай-ақ тұрғындарды аудан игілігі үшін пайдасы зор жобаны қолдауға шақырды. Су жаңа жобаны қолдаған тұрғындар да ауданға пайдасы мол су жаңа жобаны қолдап сәттілік тілеп тарасты.
Бақыт Имашев