ЭЛЕКТРОНДЫ ЕҢБЕК ШАРТТАРЫ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Қазір электрондық жүйе арқылы қалаған қызметіңе қол жеткізуге болады. Еnbek.kz порталына ену арқылы да үйде отырып-ақ, бар шаруаны шешудің мүмкіндігі мол. Ол қандай мүмкіндіктер? Осы және электрондық қызмет алуға қатысты өзге де мәселелер туралы сұрап білген едік.Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы –Аққұл Айнұр Қырымқызынан сұрап білген едік:
– Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әлеуметтік еңбек саласын цифрландыру аясында «Электрондық еңбек шарттарын бірыңғай есепке алу жүйесі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу жөнінде жұмыстарын жалғастыру мақсатында 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап «еnbek.kz» порталында еңбек шарттарын жасауға және оларды бұзуға мүмкіндік беретін электрондық еңбек шарттарын тіркеу бойынша сервис қосылды. 2019 жылдың 2-жартыжылдығынан бастап осындай сервисті Egov.kz порталынды қосу жоспарлануда.
Бұл Жобаның басты мақсаты, электрондық кадрлық іс жүргізуге мүмкіндік беретін ИТ-шешім құру, жасалған электрондық еңбек шарттарын автоматтандыру, оның ішінде қызметшілердің жеке істерін және еңбек кітапшаларын құру, халыққа көрсетілетін қызметткердің сапасын арттыру болып табылады.
Біріншіден, электронды еңбек шарттарын енгізу жұмысшылар үшін жұмысқа орналасу процесін жеңілдетеді, жеке іс автоматты түрде жасалады, қағаздарды жинау қажеттілігі болмайды. Бұл формат жұмыс берушімен тікелей байланыспай, үйден шықпай жұмыс істейтін қызметкерлер үшін өте қолайлы болады.
Екіншіден, бұл жұмыс берушілердің жұмысшылар алдындағы жауапкершілігін белгілеуге және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына түсетін жарналар мен аударымдар жүргізілетін мониторинг арқасында әлеуметтік қатерден қорғауға мүмкіндік береді.
Электронды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі жұмыс берушіге жұмысшы туралы, оның білімі, жұмыс өтілі жайында толық және шынайы ақпарат алуына көмектеседі.
Электронды форматқа ауыстырылған еңбек шарттары кадрлық есепті автоматтандыруға, қағаз түріндегі кітапшалар мен
басқа да құжаттардың болмауына алып келеді.
Әрине, сәйкесінше жұмысшыларды іріктеу де сапалы жүргізіледі. Бұл мемлекетке жұмыс берушілермен қарым-қатынасқа мониторинг жүргізуге, сондай-ақ, азаматтардың кадрлық ағынын болжауға және оларды жұмысқа орналастыру бойынша алдын ала шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Электронды еңбек шарттарын реттеуді жүзеге асыру мақсатында қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігімен заңға өзгертулер ұсынылып, 2019 жылдың 2-жартыжылдығынан бастап электрондық еңбек шарттарын республика бойынша тіркеу жоспарланып отыр.
21.05.2019 жылғы жағдай бойынша Қарғалы ауданы бойынша еnbek.kz порталында (e-HR жүйесі) барлығы – 43 кәсіпорындар мен мекемелер тіркеліп, 100-ге жуық электрондық еңбек шарттары енгізілді.
Осыған орай өңірдегі барлық жұмыс берушілерді өз қызметкерлерінің еңбек шарттарын «еnbek.kz» порталында электронды тіркеуге шақырамыз.
Ол үшін, «еnbek.kz» порталында мекеме немесе кәсіпорын «Жұмыс беруші» ретінде тіркелген болуға тиіс (электрондық-цифрлық қолтаңбамен расталуы қажет).
Туындаған кез-келген сұрақтар бойынша «Қарғалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не жүгінуге болады (Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесі, 32 үй, 4-кабинет, телефон 23252).
А.Мухамедьярова