Ұмытылмас тағдырлар

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, 31 мамыр күні аудандық орталық кітапханада, коворкинг орталығында аудандық мәдениет үйі мен аудандық орталық кітапхана қызметкерлері бірігіп «Ұмытылмас тағдырлар» тақырыбында шара ұйымдастырды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Жақсат Төлегенов, облысымызға белгілі тарихшы, өлкетанушы Баянғали Култаев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қайрат Елеутов т.б. қатысты. Шараны ұйымдастырудағы мақсат қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, жас ұрпақтың бойында тарихына деген құрмет сезімін қалыптастыру, ұрпақтар сабақтастығын жалғау болып табылады.
Шара қуғын – сүргін құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталып, шараға қатысушылар еркін мінбеде (трибуна) тақырып аясында сөз сөйледі. Атап айтар болсақ ЖақсатТөлегенов, Баянғали Култаев, Қайрат Елеутов, Светлана Короткова, Қанат Қартбаев, Марал Шалов т.б. Олар қудалауға ұшыраған Алаш көсемдері мен өзге ұлт өкілдерінің қиын, мұңды тағдырлары жайлы айтты.
Кітапханашылар көпшілікті тақырып аясында жасалған кітап көрмесімен таныстырды. Шара соңында шараға жиналғандар қуғынға ұшыраған жандардың қиын тағдырлары жайлы деректі фильм тамашалады.
Шара көпшіліктің көңілінен шықты.
Қарғалы-ақпарат