Аудан әкімі ауыз ашар берді

Өткен аптаның жұмасында жылдағы дәстүрге сай аудан әкімі Асқар Жүсібалиев аудандағы ораза тұтқан жамағат өкілдерінің басын қосып ауыз ашар берді. Оған ауыл имамдары, ораза тұтқандар ауыл тұрғындары, ауылдың қадірменді ел ағалары, аудандағы зиялы қауым өкілдері қатысты. Бадамша мешітінің имамдары құран бағыштап, ораза барысындағы дәрістерін жиылған көпшілікке жеткізе отырды.
Бүгінгі ауыз ашарға арнайы шақырған аудан әкімі А.Жүсібалиев ораза тұтқандар мен қатар барша қонақтарға өзінің құттықтау тілектерін жеткізді. Сонымен қатар ауданның бүгінгі таңдағы даму сатысы, басқада жаңалықтарын жеткізе көпшілікпен ой бөлісе отырды. Жылы жүздесуде дастархан басына жиылғандар әңгіме дүкен құрысты. Әңгіменің желісі осындай қонақжай дастархан жайған аудан әкімі бастаған азаматтарға ризашылық тілекке жалғасты. Ауданға танымал «Степной» ЖШС директоры, ел ағасы Аманғос Тулеуов бастап, әр ауылдық округтен келген ел ағалары қостап, біршама қонақтың алғыспен ақ батасына ұласты. Осындай игі тілекті ескерген тілек білдірушілер аудан азаматтарының құрметі еселеп қайтсын деген, игі тілекпен тарқасты.
Бақыт Имашев