Мерекеге тарту

Бұдан 150 жыл бұрын бұл аймақ елсіз жұртсыз болған жоқ. 1869 жылы отаршылар жасаған жаңа бекініс Ақтөбе ғасыр жарымдық болмысында талай тарихи теперіштен өтіп, бүгінде өзге ұлттардың басын біріктіре ұстап сәулетті де дәулетті шаһарға айналды.
Өткен аптаның сейсенбісінде Ақтөбе қаласы жыл басынан бергі дайындалған 150 жылдық мерейлі мерекесінің бастауын ауқымды жобада атап өтті.Оған аудандар тарту таралғы іспеттес ауылдықтар ән шашуын жетікізді. Осындай өңірдің мерейлі мерекесін думанға айналдырғандар арасында біздің аудан да болды. Жұртшылыққа мәлім өткен жылы Ақтөбе тұрғындарының көбейуіне байланысты Астана, Алматы ауданы болып бөлінген болатын. Біздің аудан тұрғындарының мерекеге сәлемін ән мен әрлеп барды тарту ету рәсімі облыс жұртшылығына ежелден таныс Пушкин саябағында өтіп жиылғандар қарасы көп болды. Ақтөбе қаласын мекендеген қарғалылықтардың бәрі жиналып аман- саулық білісіп, мәре-сәре болып қалды. Сөз арасында үлкендер жағы осы саябақта жастық шақтарын өткізгендерін еске алып, әңгіме шертісіп жатты. Мерекелік сәлем аудандық өнер мектебінің бишілер тобының мың бұралған билерімен басталып, жиылғандарды жия түсті. Жүргізушілер өлең жолдарын төкпелетіп, батыстағы алып шаһарға айналған Ақтөбеге аудан жұртшылығының ыстық лебізін шебер жеткізе білді. Сахна төріне Алматы ауданы әкімнің орынбасары Бақұзақ Дарин, Қарғалы ауданы әкімінің әлеуметтік сала жөнініндегі орынбасары Жақсат Төлегеновтар көтеріліп,
ақтөбеліктерді ортақ мерекесімен құттықтап тілектерін білдірді. Б. Дарин Қарғалы ауданының мерекелік ыстық сәлеміне Ақтөбе қаласы әкімі Ілияс Испановтың атынан алғысын жеткізсе, Ж. Төлегенов Ақтөбе қаласы әкімі І. Испановқа аудан әкімінің құттықтау хатын табыстады. Ауданымыздан білім алған, облысқа танымал тарихи зерттеуші, ел жанды азамат Баянғали Құлтаев бүгін айтулы мерекемен ақтөбеліктерді құттықтап, облыс орталығына іргелес жатқан қарғалының өткеніне шолу жасап, барша облыс тұрғындарын, сонымен қатар мерекелік сәлемді жеткізе келген қарғалылықтарды құттықтап табыс тіледі.
Аудандық музей, аудандық кітапхана, спорт, туризм сала қызыметкерлері барды көрсетіп, жастар арқан бойымен жүріп батылдықтарын танытты, аудандағы табиғат тамашалары туралы көрме көрсетіп, жұртшылықты ауданда жасалып жатқан игі істермен тәнті етті. Аудандық жұмыспен қамту орталығында бос орындарға адамдарды шақырса, аудандық жас қол өнер шеберлерінің көрмесін қызықтаушылар қарасы мол болды. Аудандық өнер мектебінің домбырашылары құйқылжыта күйден шашу шашты. Әр ұлт өкілдері әсем әннен шашу шашып, «Ақ пейіл» әжелер ұлттық әнді шырқап «Славяночка» «Freude» вокалдық топтар неміс, украин, орыс әндерін нақышына келтіре орындап, саябаққа жиылған көрермендерін бір желпінтіп тастады. Әнші жұп Нұрдәулет пен Әдемі орындаған әндерге ілесіп «Нұр» дуэті қошеметке бөленді. Бір сөзбен айтқанда мерекелік шашуды тыңдағандар ауыл өнерпаздарына ризашылықтарын білдіре тарасты. Айта кету бүгінгі күні ақтөбеліктер мерекелік іс шараларды ауылдастарының мерекелерін тамашалады. Әр демалыс орындары аудан өнерпаздарының ән құшағына бөленіп, ауылдастарымен жүздесіп, бір жасап қалысқан күн болды. Ауылдастарының өнерін тамашалағандар ымырт үйірле Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев атындағы саябаққа Астана жұлдыздарының өнерін тамашалауға бет алысты. Біздің ауданнан арнайы барған ұл-қыздар сүйікті қаламыз ақтөбеліктердің қошеметіне бөленіп оралды.
Бақыт Имашев
Бадамша –Ақтөбе