Ардагерлер бас қосты

«Қариясы бар елдің- қазынасы бар» деген дана халқымыз. Қашанда қарияларды қадір тұтып, олардың өнегеге толы өмірінен тәлім алған, ақыл кеңестерін сұраған алдыңғы буынның ұрпағымыз. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан 17 ұлт өкілдерінің басын қосып отырған ауданымыздағы ардагерлер қауымы жастарға қашанда жол сілтеуден жалыққан емес.
Осы аптаның сенбісінде аудан әкімі А.Жүсібалиевтың шақыртуымен Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеңес Бірманов, Шәмші қорының төрағасы Бақыт Ғизатов сынды ақсақалдар арнайы аудандағы ел ағаларымен кездескен болатын.
Ауылдардың ақсақалдар өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, жастар өкілдері, мекеме, ұжым басшылары қатысқан кездесуге аудан әкімі А.Жүсібалиев төрағалық етті. Облыстан арнайы келген қос ардагер ел саясаты, жастар тәрбиесі өз өмірлерінің өткелдерінен әңгіме шертті. Алдымен сөз алған төраға К. Бірманов өміріне қысқаша тоқталып, тұстастарымен үзеңгілестерін қысқаша сипаттап, осы ауданда да бірқатар ел азаматтары мен әріптес болғанын тілге тиек етті. Келесі кезекте аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыржан Бисеновтың есебі тыңдалды. Ауданда жасалған, жасалар іске ұйытқы болар алдыңғы буын өкілдері баршылық. Біршама игі істердің ақаусыз игілігін көруге, бағаның өспеуіне жастар тәрбиесіне жол, құрылыс, ауыз су т.б. мәселелері ұсыныстарын айтатын қарттар қауымы. Аудан әкімі аға буынның ақылы әрдайым керек екендігінін жеткізіп, бірқатар белсенді ардагерлерге бірлесе жұмыс жасағандары үшін алғысын жеткізді. Бір сөзбен айтқанда ардагерлер Елбасының сындарлы саяси бағдарламаларына «Қазақстан 2050» «100 нақты қадам», « Жасыл экономика» «Мәңгілік ел» жастарды патриотизмге тәрбиелеуге елмен бірге ауданда да үлесімізді қосу алдыңғы буынның міндеті деген пікір тастап сөздерін аяқтады. Ел ағасы Б. Ғизатов ақсақалда ауылдың алаңдатар қал-жағдайын қозғап, ауыл жастары мәселесінде сөз етіп өтті. Сонымен қатар Мемлекет және қоғам қайраткері Ақтөбе облысының «Құрметті азаматы» Сапар Сағынтаевтың еңбек жолын саралаған «Ел тағдыры – еңбекпен еншілес» атты кітабының 3 топтамасын аудандағы бір қатар белсенді азаматтарға сыйға тартты. Ел ағаларымен кездесуді қорытындылаған аудан әкімі А. Жүсібалиев қос ардагерге алғысын жеткізді. Қоғамымыздың алдыңғы толқыны болып табылатын ардагерлер еліміздің болашағын тәрбиелеуде алдыңғы қатардан көрініп, аман-есен арамызда жүре беріңіздер деген тілегін жеткізді. Ауылдың жетілгенін ауыл мәдениетінен танимыз деген ел ағаларын аудандық өлкетану музейімен, № 1 Бадамша орта мектебін аралатып жас жеткіншектермен жүздестірді.
Бақыт Имашев