Бадамша селолық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1«Бадамша селолық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімнің жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ

Ақтөбе облысының Әділет департаментімен қоланыстағы заңнамаға сәйкестігі бойынша нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізілген қортынысы негізінде, Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі келесідей өзгерістер енгізу ұсынады.
1. Бадамша селолық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1 «Бадамша селолық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-6-92 болып тіркелген, 2010 жылдың 07 қаңтардағы «Қарғалы» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
қазақ тіліндегі шешімінің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөздері «ауылдық» сөздерімен ауыстырылсын.
«Бадамша селолық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1 «Бадамша селолық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімнің жобасы kargala.aktobe.gov.kz. сайтында 2019 жылы 8 мамыры, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2019 жылғы 6 мамыры орналстырылды. Қарғалы ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылы 29 сәуірі №12 хатымен алынды.