Қарғалы аудандық мәслихаттың «Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 294 «2019-2021 жылдарға арналған Қарғалы аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі жобасының БАСПА-РЕЛИЗІ

Қарғалы ауданының 2019 жылға арналған жергілікті бюджеттің нақтыланған кірісі облыстық және республикалық бюджеттен берілген ағымдағы трансферттердің 450 555,0 мың теңгеге көбею есебінен 3 999 999,0 мың теңгені құрайды.
2019 жылға арналған бюджетінің нақтыланған шығыстары облыстық және республиалық бюджеттен берілген ағымдағы трансферттердің 450 555,0 мың теңгеге көбею есебінен 4 082 606,6 мың теңгені құрайды.
Облыстық мәслихат сессиясының ағымдағы жылдың 26 сәуірдегі № 418 шешімімен Қарғалы ауданы бойынша мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады:
Бөлінді:
80 053 мың теңге – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;
165 205 мың теңге – азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;
13 666 мың теңге - аз қамтылған көп балалы отбасыларға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алуға;
159 318 мың теңге - «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;
21 499 мың теңге - мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге;
20 074 мың теңге – еңбек нарығын дамытуға;
20 000 мың теңге – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Жосалы ауылындағы ауылдық клубын газдандыру;
14 921 мың теңге - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Әлімбет ауылындағы Қазақстан көшесін жарықтандыру.
Қысқартылды:
44 181 мың теңге - бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен педагог-психологтарының еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға.
Қарғалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 30 «Қарғалы аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесін оған «Қарғалы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесін және «Қарғалы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесін оған және «Қарғалы аудандық дене шыңықтыру және спорт бөлімі» мемлкеттік мекемесін қосу жолымен қайта құру туралы» қаулысының негізінде Бірыңғай бюджеттік классификациясы бойынша жоспарлар және кассасы ауыстыру жүзеге асырылуда.
«Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 294 «2019-2021 жылдарға арналған Қарғалы аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімнің жобасы http://kargala.aktobe.gov.kz/ сайтында 2019 жылдың 03 мамырда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 19 сәуірде 2019 жылы орналастырылды. Қарғалы ауданының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2019 жылы 29 сәуірдегі № 11 хатымен алынды.
Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Алтаева