Қауіпсіздік ауылдың қамы

Өткен жұма күні, аудан әкімі Асқар Жүсібалиев "ҚАУІПСІЗ АУЫЛ" тақырыбында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге аудан прокуроры, аудандық сот өкілдері, құқық қорғау органдарының ардагерлері, ауыл әкімдері мен мекеме басшылары қатысты. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Абай Мусин атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, ауданның көрсеткіштеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар, ардагерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу соңында аудан басшысы бірқатар құқық қорғау саласының қызметкерлеріне Алғыс хаттар табыс етті. Сондай-ақ, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қосестек ауылдық округінің әкімі Гүлжан Досмағамбетоваға бұдан бұрын елді шулатқан келеңсіз жағдайда бірлесе атқарған жұмыстарына алғыс білдірді. Аудан әкімі кездесу қорытындысында ауылдық округ әкімдері, аудандағы білім саласы мамандарына, құқық қорғау орындары мен бірлесе қызмет етіп ауыл қауіпсіздігін сақтауды тапсырды.
Қарғалы- ақпарат