Әлем чемпионы ауданға ат басын бұрды

Өткен сенбі күні Жастар жылы мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауданымызға Ақтөбе облысының тумасы бокстан әлем чемпионы Галиб Джафаров пен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Әлімбек Балмағамбетов іссапармен келді. Әлем чемпионы №2 Бадамша орта мектебінде оқушылармен Бадамша жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің мамандарымен кездесіп, тәжірибесімен бөлісті, балалардың сұрақтарына жауап берді.
Айта кетсек еліміз тәуелсіздік алғалы ауданымызға алғаш ат басын бұрған әлемге Ақтөбені танытқан әлем чемпионы Г. Джафаров пен елге еңбегі сіңген талай былғары қолғап шеберлерін дайындаған бапкер Ә. Балмағамбетов Бадамша жұртшылығының құдайы жолы садақасына қатысып, ниеттерін білдірісіп, тілектерін жеткізді. Көпшілік алдында сөз алған елге танымал қос азамат алдағы уақытта аудан жастарына спорттық бағытта қолдау білдіретіндерін де жеткізе кетті. Сонымен қатар, шебер класс өткізіп, жастарға ақ тілегін арнады. Аудан басшысы А.Жүсібалиев аудан тұрғындары атынан бапкер мен чемпионға өз алғысын білдіріп, алдағы уақытта ауданымызда өтетін спорттық жарыстарға шақырды.
Қарғалы- ақпарат