Аудан әкімі

Рахат Мәжитұлы СЫДЫҚОВ
1962 жылы 3 шілдеде Шалқар қаласында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын инженер-құрылысшы, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін экономист-менеджер мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1979 жылы Шалқар аудандық коммуналдық мекемесінде жұмысшы болып бастаған.
1986 жылдың тамыз айынан бастап 1988 жылдың шілде айына дейінгі аралықта «Ақтөбе обл газ» өндірістік бірлестігінде инженер.
1988 жылдың шілде айынан бастап 2002 жылдың мамыр айына дейінгі аралықта Шалқар ауданаралық газ шаруашылығы басқармасының бастығы, 2002 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін — Шалқар ауданының әкімі қызметтерін атқарды.
Қызметтегі қол жеткізген жетістіктері үшін «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Парламентіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталды.
Ақтөбе облысының әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовтың 2013 жылдың 27 маусымдағы өкімімен және Қарғалы аудандық мәслихатының келісімімен Рахат Мәжитұлы Сыдықов Қарғалы ауданының әкімі болып тағайындалды.