Ереже

Қарғалы ауданы әкімдігінің2012 жылғы 25.12 № 311 қаулысыменБЕКIТIЛГЕН
«Қарғалы ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттiк мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер
«Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
«Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен, «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 030500, Актөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша селосы, Әбілқайыр хан көшесі, 38 үй.
10. Мемлекеттiк органның толық атауы - «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк мекемесi; государственное учреждение «Аппарат акима Каргалинского района».
11. Осы Ереже «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
2
11.1. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Қарғалы ауданының әкімдігі болып табылады.
12. «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнен (сметасынан) жүзеге асырылады.
13. «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз ету.
15. Мiндеттерi: аудан әкімінің қызметін ұйымдық, құқықтық, құжаттамалық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
16. Функциялары: 1) аппараттың функциялары: аудан әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің және аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлеу; Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және аудан әкімдерінің кесімдері мен тапсырмаларын орындауға жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жасау; Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс пен аудан әкімдерінің кесімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау; облыс әкімінің аппаратына Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің және облыс әкімінің кесімдері мен тапсырмаларының орындалуы туралы облыс әкімінің аппаратына ақпарат дайындауды ұйымдастыру; аудан әкімі жанындағы Кеңестер отырыстарын, әкімдіктің алқа жиындарын, аудан әкімнің орынбасарларындағы кеңестерді ұйымдастыру; аудан әкімінің облыс әкімінің аппаратымен және аудандық мәслихаттың сайланған депутаттарының облыстық мәслихат депутаттарымен қарым – қатынастарын ұйымдастыру;
3
аудан әкімінің жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, дербес бөлімдер және комитеттермен, қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялар және қозғалыстармен іс – әрекетін ұйымдастыру;
аудан әкіміне оған бағынатын мемлекеттік органдардың құрылуы, таратылуы және қайта құрылуы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
аудан әкіміне есеп беретін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кадрларымен жұмысын ұйымдастыру;
аудан әкімінің іс – қағаздарын жүргізу және аудан әкімі аппаратының құжаттар айналымына талдау жүргізу;
қызметік құжаттарды қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
аудан әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлау және олардың әкіммен қарым – қатынасын ұйымдастыру;
аудан әкімінің тапсырмасы бойынша соттарда оның мүддесін қорғау, прокурорлық – назарға алу кесімдерін қарау және жауап дайындау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды іске асыру.
2) ведомстволардың функциялары:
Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және аудан әкімдерінің кесімдері, бағдарламалары мен тапсырмаларын орындау.
17. Құқықтары мен мiндеттерi:
ауданның мемлекеттік мекемелерінің қарамағындағы ақпараттық материалдарды пайдалану;
аудан әкімі аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік басқа да ұйымдармен қызмет бабындағы хат алмасу;
аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларына сараптама жасауды ұйымдастыру;
мүдделі мемлекеттік органдардың аудан әкімі кесімдерінің жобаларымен келісімінің бар-жоғын бақылау, ол болмаған жағдайда тиісті жобаны келісу үшін кейін қайтару;
аудан әкімінің шешімін талап етпейтін мәселелер жөніндегі хат-хабарды тиісті мемлекеттік органдарға жолдау және кейін қайтару;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және облыс пен аудан әкімдерінің кесімдері мен тапсырмаларының орындалуына тексеру жүргізуге қатысу;
аудан әкімі тағайындайтын немесе оның келісімімен тағайындалатын мемлекеттік мекемелер мен жергілікті атқарушы органдардың басшыларының Мемлекеттік басшысының, Үкіметтің және облыс пен аудан әкімдерінің шешімдері мен тапсырмалары орындалмағаны немесе шала орындағаны үшін жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізу;
4
аудан әкіміне есеп беретін мемлекеттік органдардың алқаларының отырысына қатынасу;
аудан әкіміне есеп беретін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларын қаралатын мәселе бойынша түсініктеме беру үшін шақыру.
Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
18. «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
19. «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысының орынбасарлары жоқ.
21. «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекетті мекемесі бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
1) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдерінің ережелерін бекітеді және аудан әкімі аппараты қызметшілерінің функцияналдық міндеттерін бөледі;
2) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдерінің қызметін үйлестіреді;
3) мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді қызметке қабылдайды және босатады және жыл сайынғы еңбек демалысына шығу, іс сапарға жіберу, қызметшілерге үстемеақылар бөлу, тәртіптік шаралар қолдану, т.б. мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады;
4) мемлекеттік және басқа органдарда аудан әкімі аппаратының мүддесін қорғайды;
5) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекет ету жөніндегі шараларды үйлестіруді ұйымдастырады, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын немесе сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан не сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерді болдырмау шараларын алады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі іске аспаған шараларға жауапкершілікте болады;
6) гендерлік саясаттың дамуын үйлестіреді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға іске асырады.22. Бiрiншi басшының орынбасарлары жоқ.
5
23. «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
Мемлекеттiк органның мүлкi
24. «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
«Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
25. «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
25.1. «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлкін басқару жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) Қарғалы аудандық қаржы бөлімі болып табылады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.