Қуқықтық негіз

Қарғалы ауданында 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарды
жүзеге асыру жөніндегі баяндамасы
Ақтөбе облысында 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарды жүзеге асыруға сәйкес Қарғалы ауданында осы бағытта атқарылып жатырған жұмыстар туралы ақпарат ұсынамыз.
Қарғалы ауданы әкімдігімен ведомствоаралық сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған ұйымдастыру және практикалық шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылуда. Сыбайлас жемқорлық мәселелері мәжілістерде мемлекеттік орган басшылары және жауапты қызметкерлерімен жүйелі түрде қаралып тұрады. Ауылдық округ әкімдері мен атқарушы орган басшыларының тұрғындар алдында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша алынып жатырған шаралар туралы тоқсан сайын есеп беруі тәжірибеге енгізілді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік орган қызметшілерінің өз лауазымдық міндеттерін орындамау фактілері туралы хабарлай алатын сенім телефоны, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде аудандық «Қарғалы» газетінде мақалалар жарияланып тұрады.
Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен есепті кезеңде төмендегідей іс – шаралар өткізілді:
- 2 ақпан күні Бадамша агротехникалық колледжінің студенттер және жас мамандарымен аталмыш тақырыпта кездесу болып өтті;
- 21 сәуірде аудандық Мәдениет үйінде «Жастар және қоғам» тақырыбында пікірталас сайысы ұйымдастырылып, шараға аудан бойынша ауылдық округтерден оқушылар мен жас мамандар қатысты.
- 24 маусымда Бадамша ауылында «Жемқорлыққа жол жоқ» акциясы өткізілді. Шара барысында ауылдың белсенді жастары ауыл тұрғындарына үйлестіру материалдарын таратты.
2016 жылға Есепті уақытта елді-мекендерде 51 кездесулер өткізілді. Аудандық газет бетінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 8 мақала жарық көрді. Жер пайдаланушылардың және жеке жер учаскелерінің меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері бойынша аудандық газетте 2 мақала шықты.
«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Қоғамдық Кеңес құрылып, жұмыс жасауда. Кеңес халық арасында антикоррупциялық көзқарас қалыптастыру мақсатымен ақпараттық-үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Сыбайлас жемқорлық көзі ретінде «көлеңкелі экономикаға» қарсы тұру мақсатында жыл сайын «Нұр Отан» партияның аудандық филиалының қолдауымен «Начни с себя - Өзіңнен баста» акциясы ұйымдастырылады. Бөлім басшылары, селолық округ әкімдері өздерінің кірісі (доходах) жөнінде деректерді аудандық «Қарғалы» газеті және вебсайт арқылы жариялап отырады. Сонымен қатар Кеңес азаматтардың арыздарын қабылдап, оларды қарайды. Қоғамдық кеңестің отырыстарында «Қарғалы ауданының мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі жұмыстың жағдайы туралы» аудан мекемелері мен ұйымдарының басшылары тыңдалады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылы төмендегі шаралар өткізілді: аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік кірістер басқармасы, партиялық бақылау комиссиясының мүшелерінің қатысуымен аудандық прокуратурамен бірлесіп, қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырыстары өткізілді. Отырыстардың қорытындысы бойынша қоғамдық кеңес тиісті шешімдер қабылдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды жақсарту жөнінде ұсыныстар шығарды.
2016 жылдың қыркүйек айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссияның отырысында «Білім беру саласында сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң талаптарының орындалуын қадағалау туралы» мәселелері қаралды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жүргізілетін құқықтық ақпаратқа кеңінен қол жеткізу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша сұрақтардың» мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында жариялануына тұрақты түрде рұқсат берілуін және жаңартылуын қамтамасыз ету үшін kargala.aktobe.gov.kz интернет сайты ашылды. Сайтта аудан көлеміндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты ақпараттар жарияланады. Сондай-ақ, «Сұрақ қою» рубрикасы ашылды. Барлық ауылдық округтерде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1494 call-center нөміріне қоңырау шалу тегін» мәтінімен баннерлер орнатылған.
Елді мекен тұрғындарына ақпараттық-насихат топ мүшелері арқылы жеткізіліп, жұмыс жүргізіледі. Барлық елді мекендерде, қоғамдық орындарда, мектептерде, почталарда, ауруханада, ауылдық округ әкімдерінің ғимараттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша арыздары үшін жәшіктер көрнекі жерде орнатылды. Мемлекеттік қызметшілер «Әдеп» кодексін сақтау мақсатында бақылау кітабы ашылып, онда барлық тілек білдіргендер мемлекеттік қызметшілер тарапынан этиканы бұзу фактілері туралы жазып қалдыра алады. Түскен арыз-шағымдар Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар «Жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес тәртіпте қаралады.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп Кодексін, мемлекеттік қызмет туралы заңды сақтауын бақылау мақсатында жақын туысқандар немесе жекжаттардың бірлескен жұмысына жол берілмеуін, мемлекеттік және еңбек тәртібін қатаң сақтауын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп Кодексін бұрмалау фактісінің бірде-біреуін назардан тыс қалдырмау, аттестациядан өтуін, қызметтік мінездеме беру кезінде келеңсіз көріністердің болмауын, заңнамада қаралған мемлекеттік қызметтерді атқарумен сыйыспайтын кызметпен шұғылдауына тексерістер жүргізіледі.
АРМ ЕУОЛ бағдарламасы арқылы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыздарды тіркеу бойынша мониторинг жүргізілді, 2016 жылдың 11 айында барлығы - 205 арыз түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан - 100 (27 жеке қабылдаумен), заңды тұлғалардан - 78. Барлық арыздар заңнамамен белгіленген мерзімде қаралып, жауаптары берілуде. Арыздар заңнамамен белгіленген тәртіпте қаралады.
2016 жылдың 11 айында Қарғалы аудандық жер қатынастары бөліміне заңды және жеке тұлғалардан - 100 өтініш қабылданды, оның ішінде жеке тұлғалардан – 48, заңды тұлғалардан - 52. Бұлар жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу туралы. Басқа мәселелер бойынша есеп беру кезеңінде жер учаскелерінің бар-жоғы туралы анықтама беру 368 өтініш түскен.
Қарғалы аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары 2016 жылдың маусым айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты бұрыш ұйымдастырды. Кітапханаға келген оқырмандарға сыбайлас жемқорлық туралы сұрақтар қойылып, өз пікірлері тыңдалды. Сонымен бірге оқырмандар баспасөз беттерінен де сыбайлас жемқорлық қарсы мақалалар оқып, талқыланды.
Аудан әкімдігі мен селолық округ әкімдері жанынан 16 ақпараттық-насихат топтары құрылды. Аудан бойынша АНТ-ның елді мекендерге шығу кестесі бекітілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат жұмыстары ақпараттық топтармен және «Қарғалы» үгіт пойызының мүшелері арқылы жүргізіледі. 2016 жылдың 11 айында 56 кездесулер өткізген, қамтылғандар саны – 1613 адам. Барлық топтарға әдістемелік құжаттар мен жинақ папкалары таратылып берілді. Топ құрамы ауданның мемлекеттік қызметшілері, әділет басқармасы өкілдері, ішкі саясат бөлімінің және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің аудандық кеңесінен құрылды. Тұрғындармен кездесу тақырыбы: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын іске асыру және талқылау, діни экстремизмнің алдын-алу, сыбайлас жемқорлықпен күресу, нашақорлықпен және нашақорлықты таратуға қарсы болу, заңбұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар құқықбұзушылықтың бір саласы бойынша «мүлдем төзбеушілік» акциясын жүзеге асыру, жастар саясатын іске асыру, азық-түлік тағамдарына бағалардың тұрақтануы, абаттандыру, көгалдандыру және ауылдарды санитарлық тазалау, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, кіші және орта бизнестерді мемлекеттік қолдау және т.б. ауыл тұрғындары үшін маңызды мәселелер.
Ауданымызда мемлекеттік қызметшілер арасынан 2016 жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері орын алған жоқ. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік – құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы Е.Боранқұлов