Кадрлық саясат

Елбасымыздың «Ұлт жоспары — 100 нақты қадам» жоспары аясында мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттырудың негіздері
. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш рет кірген, сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген мемлекеттік қызметшілер үшін сынақ мерзімі үш айды құрайды.
Осыған орай, мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімінен өту қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді белгілеудің тәртібі айқындалған.
Тәлімгер – мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшіге бекітілетін, оның кәсіби бейімделуіне практикалық көмек көрсететін мемлекеттік қызметші.
Тәлім алушы мемлекеттік қызметке кәсіби бейімделуіне қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын тәжірибелік іс амалдардың тиімділігін жеткізуде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді. Тәлімгер тәлім алушыға білімін, тәжірибесін беріп, жоғары мүмкіндіктерінің ашылуына көмектеседі.Тәлімгерліктегі басты ұстанымы практикалық көмек көрсету және бағыттаушы болып табылады. Тәлімгер өзінің тәжірибесін қоса отырып, бірқатар міндеттерді орындайды.
Оған шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарына арнайы жоспар бекітіліп жұмыс жүргізіледі.
Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы қарым-қатынас құруға және түйінді дағдыларды белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін күрделі сұрақтар қою дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге, сенімділік, шынайылық, адалдық қасиеттерін танытуға дайын болады.
Қарғалы ауданы әкімі аппаратының
персоналды басқару қызметі
(кадр қызметі) бөлімінің басшысы Е.Есимбаев