Мәдениет

Қарғалы аудандық тарихи – өлкетану мұражайы
Қарғалы музейі 2006 жылы қантар айының 1-де ашылды. Алғашқыда 600 экспонат бар музейдін қазіргі тандағы негізгі көрсеткіші мен мақтанышы 3008 экспонат. Онын ішінде 974 негізгі қорда қалған, 2034 қосымша қорда тіркелген. Қорда сақталып отырған жәдігерлер тақырыптық көрмелерде, экспозицияларда көрсетіп, ата–бабаларымыздың дүние танымы мен төл мәдениеті жөнінде сыр шертіп келеді. Мұражай орналасқан ғимараттың жалпы аумағы 438,3 шаршы метр. Мұражай 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өтті. Қазірғі таңда мұражайда реэкспозиция жүргізілді, көрмелер жаңадан жасақталды. 2012 жылы бойынша мұражайға келушілер саны 1865 адам болды. Жыл бойы 156 экскурсия жүргізілді, 29 тақырыпты көрме жасақталды, 28 мәдени шаралар ұйымдастырылды.
Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана
Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 18 кітапхана бар: оның ішінде бір аудандық және балалар кітапханасы және 16 ауылдық кітапхана филиалы жұмыс жасайды. Кітап қоры 215536 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде 41387 дана кітап. 2012 жылы мерзімді басылымдарға 285 мың теңге бөлінді. Ал 2013 жылы мерзімді басылымдарға 561 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді. Кітап қорына кітаптарды сатып алуға қаржы бөлінген жоқ, кітап қорын толықтыруға республиқалық және облыстық бюджеттен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы арқылы бөлінеді.
Қарғалы аудандық мәдениет Үйінің қызметі туралы
Қазіргі таңда «Қарғалы аудандық мәдениет Үйі» МКҚК 12 мекеме құрайды. Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты–халыққа мәдени қызмет көрсетуді жетілдіру, тұрғындардың бос уақытын, демалыс күндерін тиімді ұйымдастыру, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру, жастар мен өскелең ұрпақты ұлттық мәдениет үлгілері арқылы тәрбиелеу және рухани қайта жаңғыртуға мүмкіндік туғызу, мәдениет саласын нығайту және одан әрі қарай дамыту. Осыған орай біршама іс-шаралар өткізілді. «Туған жерім-айбыным» атты дөңгелек үстел, «Жастар-салауатты өмір салтын қолдайды» акциясы, «Бірлігіміз жарасқан - Тәуелсіз Қазақстан» дөнгелек үстел. Сондай-ақ көршілес жатқан Ресей елінің Дамбар ауданы, Полевой жастарынан құралған футбол командасымен Бадамша спорт мектебінің футбол командасы арасында жолдастық кездесу өтті т.б шаралар ұйымдастырылды.
Есімі естен кетпес жазушы
Соңғы төрт жылда өткізіліп келе жатқан «Оқитын өлке» акциясының мақсаты әр өлкенің ақын, жазушыларының, қоғам қайраткерлерінің үздік шығармасын дәріптеу. Биылғы акция жерлесіміз Тақауи Ақтановтың «Боран» романының мән-мазмұны оқырмандарға таныстырылды.
«Оқитын өлке» акциясы Ақтөбе өңірінің артында өшпес туынды қалдырған перзентін ұлықтап, 90 жасында да еске алып, кейінгілерге толық таныстыра түскен дөңгелек үстел өтті.