Ауылдық округтер

ӘЛІМБЕТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Әлімбет ауылдық округінің әкімі Жаналин Төлеген Абылайұлы
Тел: (871342) 29-8-02
Әлімбет ауылдық округінің құрамына Әлімбет, Бөгенбай, Қызылсай, Шандыаша ауылдары кіреді. Халқының саны – 1226 адам.
Әлімбет ауылы округ орталығы болып табылады. Электр және су желілерімен қамтылған, телефондандырылған, ұялы байланыс желілеріне қосылған. Округ Ресей Федерациясының Орск қаласымен шектеседі.
Мектеп және мектепке дейінгі мекемелер жұмыс жасайды: Әлімбет орта мектеп - бала бақшасы және Нововведенка бастауыш мектебі.
Мектепте оқитын оқушылар саны – 140 бала, бала бақшаға баратындар саны - 72 бала, шағын орталыққа баратын бала саны - 6 бала.
Клуб, кітапхана бар, медпункт пен дәрігерлік амбулаторияда 2 дәрігер, 7 медбике жұмыс жасайды.
Ауылдағы шаруашылық субъектілері мыналар:
1) "САХА" ЖШС - Х.Б. Сағандықов, (мал шаруашылығымен үйлестірілген өсімдік шаруашылығы),
2) "ТД Саке" ЖШС - Т.Н. Сағандықова, (ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі),
3) «Асел – Д» ЖШС - Д.К. Қатпабаев (жүк тасымалы, сауда-саттық қызметі).
АЩЫЛЫСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Ащылысай ауылдық округінің әкім Биманбаев Асылбек Бақытжанұлы
Тел: (871342) 29-2-51
Ащылысай ауылдық округінің құрамына Ащылысай, Бозтөбе, Преображеновка, Ақкөл ауылдары кіреді. Халқының саны – 1703 адам.
Ащылысай, Ақкөл, Преображеновка ауылдары сумен қамтамасыз етілген. Барлық ауылдар электр желілерімен қамтылған, телефондандырылған, ұялы байланыс желілеріне қосылған. Есепті жылы ұзындығы 4 шақырым су құбыры желілеріне (тұтынушылардың үйлеріне жүргізу) қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Мектеп және мектепке дейінгі мекемелер бар: Ащылысай орта мектеп – бала бақшасы, Красноеполе орта мектебі, Приозерный негізгі мектебі, Преображеновка бастауыш мектебі, мектепте оқитын оқушылар саны 194 бала, бала бақшаға - 46 бала, 3 шағын орталыққа - 39 бала барады.
Клуб, 3 кітапхана бар, 2 медпункт пен дәрігерлік амбулаторияда 1 дәрігер, 6 медбике жұмыс жасайды.
Ауылдағы шаруашылық субъектілері мыналар:
1) «ДЖАН» ЖШС – С.К. Махмұтов (өсімдік шаруашылығы),
2) «Ащылысай» ЖШС «Степное» ЖШС ЕК - А.Г. Каструбин (автокөлік тасымалы),
3) «Тимур – К» ЖШС – Т.А. Қызылбасов (дән және дәнді-дақылдар өсіру),
4) «Агросервис – Ащылысай» ЖШС «Степное» ЖШС ЕК – И.П. Лясота (автокөлік тасымалы).
ВЕЛИХОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Велихов ауылдық округінің әкімі Халиуллина Айнагүл Аманжолқызы
Тел: (871342) 26-3-10
Велихов ауылдық округінің құрамына Велихов, Ақжайық ауылдары кіреді. Халқының саны – 671 адам.
Екі ауылда электр желілерімен қамтылған, телефондандырылған, ұялы байланыс желілеріне қосылған. Ақжайық ауылында су құбыры бар.
Мектеп және мектепке дейінгі мекемелер бар: Велихов орта мектеп – бала бақшасы, Херсон негізгі мектебі, мектепте оқитын оқушылар саны – 57 бала, 2 шағын орталыққа - 29 бала барады.
2 клуб, 2 кітапхана бар, 2 медпунктте 2 медицина қызметкерлері жұмыс жасайды.
Ауылдағы шаруашылық субъектілері мыналар:
«Ақтөбе-Темир ВС» ЕК» ЖШС – Т.С. Матешов (Велихов кен орнында темір рудаларын дайындайды). Кәсіпорындағы жұмысшылар саны - 182 адамды құрайды. 2012 жылы 296,3 мың тонна темір рудасы өндірілді, жалпы сомасы – 440,3 млн. теңге. Қорды есепке алғанда Соколов-Сарбай кен байыту комбинатына, Магнитогорск металургиялық комбинатына және Қытайдағы тұтынушыларға 321,6 мың тонна тиелді.
"Велихов" ЖШС - В.Г. Пашкевич (тұқым шаруашылығын қоса алғанда, мал шаруашылығымен үйлестірілген өсімдік шаруашылығы)
ЖЕЛТАУ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІ
Желтау селолық округінің әкімі Қопаев Рүстем Сексенбайұлы
Тел: (871342) 29-8-02
Желтау селолық округінің құрамына Петропавл және Ш.Қалдаяқов ауылдары кіреді. Халқының саны – 3771 адам. Екі ауылда электр, газ, су желілерімен қамтылған, телефондандырылған, ұялы байланыс желілеріне қосылған.
Мектеп және мектепке дейінгі мекемелер бар: Петропавл орта мектебі, Пацаев атындағы орта мектебі, мектепте оқитын оқушылар саны – 569 бала, 2 бала бақшаға - 249 бала, шағын орталыққа - 54 бала барады.
Клуб, 2 кітапхана бар, 2 дәрігерлік амбулаторияда 4 дәрігер, 11 медбике жұмыс жасайды.
Ауылдағы шаруашылық субъектілері мыналар:
"Табиғат +" ЖШС – А. Бисенов (өсімдік шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы)
Пацаева атындағы ЖШС - Ж.Ж. Қалдығұлов (көкөніс шаруашылығы, мал шаруашылығымен үйлестірілген өсімдік шаруашылығы)
КЕМПІРСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Кемпірсай ауылдық округі әкімі Айжарықов Асхат Сағитжанұлы
Тел: (871342) 26-5-04
Кемпірсай ауылдық округінің құрамына Жосалы, Кемпірсай, Қарабұтақ ауылдары кіреді. Халқының саны - 1139 адам.
Ауылдар электр желілерімен қамтылған, телефондандырылған, ұялы байланыс желілеріне қосылған. Жосалы және Қарабұтақ ауылдарына су құбырлары жүргізілді.
Мектеп және мектепке дейінгі мекемелер бар: Жосалы орта мектеп - бала бақшасы, Кемпірсай бастауыш мектебі, Қызыл - Флот негізгі мектебі, мектепте оқитын оқушылар саны - 148 бала, бала бақшаға - 40 бала, шағын орталыққа - 20 бала барады.
1 клуб, 2 кітапхана бар, 2 медициналық пункт пен 1 дәрігерлік амбулаторияда 1 дәрігер, 4 медбике жұмыс жасайды.
Ауылдағы шаруашылық субъектілері мыналар:
1) "Жосалы - Агро" ЖШС – С.Л. Биісов (өсімдік шаруашылығы, тұқым шаруашылығы)
2) "Лад Қарабұтақ" ЖШС – Б. Дәуірбаев (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы)
ҚОСЕСТЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Қосестек ауылдық округінің әкімі Досмагамбетова Гүлжан Батырғалиқызы
Тел: (871342) 24-1-84
Қосестек ауылдық округінің құрамына Қосестек және Сарыбұлақ ауылдары кіреді. Халқының саны - 1503 адам.
Ауыл электр желісімен қамтылған, телефондандырылған, ұялы байланыс желілеріне қосылған.
Мектеп және мектепке дейінгі мекемелер бар: Қосестек орта мектебі, Большевик бастауыш мектебі, мектепте оқитын оқушылар саны – 232 бала, бала бақшаға – 98 бала, 2 шағын орталыққа - 29 бала барады.
1 клуб, 2 кітапхана бар, 1 медициналық пунктпен 1 дәрігерлік амбулаторияда 1дәрігер 7 медбике жұмыс жасайды.
Ауылдағы шаруашылық субъектілері мыналар:
«Қос – Естек Агро» ЖШС Н.Д. Кусмауль тұқым өсірумен айналысады. Кәсіпорында кушум жылқыларының тұқымдарын өсіру бойынша тұқым фермасы құрылды.
СТЕПНОЙ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІ
Степной ауылдық округінің әкімі Нұреділова Гүлмайра Ғабділғазизқызы
Тел: (871342) 29-6-23
Степной селолық округінің құрамына Степной, Қайрақты, Первомай, Мамыт, Қайрақтысай ауылдары кіреді. Халқының саны - 1431 адам. Округ орталығы – Степной ауылы.
Ауылдар электр желілерімен қамтылған, телефондандырылған, ұялы байланыс желілеріне қосылған. Степной және Қайрақты ауылдарына су құбырлары жүргізілді.
Мектеп және мектепке дейінгі мекемелер бар: Сазды орта мектебі, Бородиновка орта мектеп – бала бақшасы, Мамыт негізгі мектебі, Первомай бастауыш мектебі, мектепте оқитын оқушылар саны – 224 бала, 2 бала бақшаға - 79 бала, 2 шағын орталыққа - 21 бала барады.
1 клуб, 2 кітапхана бар, 2 дәрігерлік амбулаторияда 4 дәрігер, 11 медбике жұмыс жасайды.
Ауылдағы шаруашылық субъектілері мыналар:
"Степное" ЖШС - А.С. Төлеуов (мал шаруашылғы, өсімдік шаруашылығы), ірі қала түзуші кәсіпорын, қайта өңдеу цехтары бар: шұжық цехы, диірмен, наубайхана, жарма цехы, макарон цехы. Қайта өңдеу цехының 1 жылда өндіргені: ұн - 3103 тонна, нан – 286,4 тонна, шұжық өнімдері – 214,2 тонна, ет – 241 тонна, кебек – 1111 тонна. Өңделген өндіріс көлемі - 423,3 млн. теңгені құрады.
«Степное» ЖШС - мен қолда бар тұқымдарды жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Ақ басты қазақы мал тұқымы мен қиыршық жүнді құйрықты қазақы қой тұқымын дамыту жөнінде тұқым фермасы бар.
«Степное» ЖШС таңдаулы тұқым шаруашылғы облыстағы шаруашылықтарға 3133 тонна астық, 1501 тонна арпа сатты.
"Қайрақты" ЖШС - О.Н. Жұлдызбаев (өсімдік шаруашылығы)
БАДАМША АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Бадамша ауылдық округінің әкімі Дабылдин Ернар Ерболатұлы
Тел: (871342) 22-2-38
Бадамша ауылдық округінің құрамына Бадамша, Кемпірсай бекеті, Бадамша 2 ауылдары кіреді. Халқының саны – 5276 адам. Округ ортылығы – Бадамша ауылы.
Ауыл электр энергиясымен, газбен және су желілерімен қамтылған, телефондандырылған, ұялы байланыс желілеріне қосылған. Көп қабатты үйлерге жылу және ауыз су беру үшін «Бадамша – Сервис» КМК – ның 2 қазандығы жұмыс жасайды.
Ауылдағы шаруашылық субъектілері мыналар:
- № 1 Бадамша орта мектебі, № 2 Бадамша орта мектебі, мектепте оқитын оқушылар саны - 802 оқушы;
- 2 бала бақшаға 367 бала барады;
- Бадамша агротехникалық колледжі, оқытылып жатырғандар саны - 133 бала.
Әлеуметтік – мәдени сала нысандары бар: балалар - жасөспірімдер спорт мектебі, аудандық мәдениет үйі, орталық кітапхана, аудандық өлкетану мұражайы, 90 орындық аурухана.
Шаруашылық субъектілері:
1) "Қызыл Қайын - Мамыт" ЖШС – Т.Ф. Жансейітов (Мамыт кен орнындағы қоңыр көмір және никель-кобальт кендерін шығарады). Жыл басынан бастап 10621,6 мың тенге сомасында 2,97 мың тонна қоңыр көмір шығарылды. Жұмысшылардың орташа есебі - 97 адам.
Каргалы ауданының тұрғындарына көмір қолма қол сатылады, сонымен қатар, аудан тұрғындарының аз қамтылған отбасыларына көмек ретінде қайтарымсыз беріледі, барлық жүзеге асырылғаны - 1443,5 тонна көмір.
2) «Геосервис-С» ЖШС - М.К. Жардаев топо - геодезиялық қызметтер көрсетеді.
3) "Жардем" ЖШС - Т.П. Батурина (дәрі-дәрмек өнімдерін сатады) жылына сатылған өнім көлемі - 9,8 мың тенгені құрайды.
Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында 20 шағын бизнес субъектілері есепте тұр.
Жылына аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі, тауар өндірісі, жұмыс және қызмет көлемі 2011,4 мың тенгеге жетті, өткен жылмен салыстырғанда 119,7 пайызды құрайды.