Жағырапия

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында,салауатты өмір салтын насихаттауға және жасөспірімдерді алкогольдік ішімдіктерді пайдаланудан, темекі және есірткіден алыстату мақсатында ҚР Үкіметі 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламаның басты мақсаты халықты сауықтыру және орташа өмір сүру деңгейін ұлғайту болып табылады.
2011 жылдың қорытындысы бойынша Қарғалы ауданында 74 спорттық-сауықтыру іс шаралары өткізіліп, оған барлығы аудан тұрғындарының 50 % қатысты. Сонымен қатар аудан спортшылары облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Есеп бойынша спортпен шұғылданушылар саны 3641 адам, яғни аудан тұрғындарының 22 % құрайды. Тұрғындардың спортпен шұғылдануы бойынша Қарғалы ауданы 6 орында тұр, алдағы уақытта бұл көрсеткішті көбейту қажеттілігі бар.
Қарғалы ауданы бойынша 16 спорттық залдар бар, оның ішінде 15 білім беру мектептерінде 1 БЖСМ қызмет жасайды. Аудандық білім беру ұйымдарында қосымша әр түрлі спорттық секциялар жүргізіледі. Мектеп оқушыларының 50-60 % қосымша спорттық секцияларға және аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға, спартакиадаларға белсенді қатысады. Казіргі кезде ауданда бір балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасауда, оған 486 оқушы барады. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің филиалдары Петропавл, Қосестек, Степное, Әлімбет ауылдарында жұмыс жасайды. Оқушылар спорт мектептерін мектептен тыс уақытта белсенді қатысады.
2012 жылға спорт түрлері бөліміне арналған сауықтыру іс-шаралар мен аудандық және облыстық негізгі жарыстардың күнтізбелік жоспары құрылып, бекітілді. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 32 спорттық іс-шаралар өтіп, 3642 адам аудан бойынша қатысты.
Өткізілетін негізгі спорттық шараларға спорт ардагерлері арасындағы спартакиада, денсаулық фестивалі, ұлттық спорттық ойындар негізіндегі жазғы ауылдық спартакиада (Степное ауылы), туристтік слет, облыстың өзге аудандарының спортшыларының қатысуымен өтетін футбол турнирі, т.б. спорттық шаралар. Қазіргі таңда жыл сайын өткізілетін жазғы спартакиаданың шегінде спорт ардагерлері арасындағы аудандық іріктеу спартакиадасына дайындық өтіп жатыр.
46 аудандық мектеп оқушылары спартакиадасының ережесі әзірленіп бекітілді. Спартакиада ткелесідей спорт түрлерінен өтеді: футбол, спорттың интеллектуалды түрлері, үстел теннисі, баскетбол (ұлдар, қыздар), қысқы президенттік көпсайыс, шаңғы жарысы, мылтық ату, гір көтеру, волейбол (ұлдар, қыздар), жазғы президенттік көпсайыс, жеңіл атлетикалық кросс, орыс лаптасы. Ережесі облыстық жоспарға сәйкес дайындалды.
Қарғалы ауданының аумағында 4 діни бірлестіктер қызмет жасайды.
Бадамша ауылында «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің «Қарғалы ауданының мешіті» филиалы, имамы Әбуғали Бақытқалиұлы Айтжанов.
Қайрақты ауылында «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің «Бородиновка ауылының мешіті» филиалы, имамы Алтынбек Оралұлы Жаманшин.
Қосестек ауылында «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің «Момын ата мешіті» филиалы, имамы Асылбек Аманғосұлы Бертілеуов.
Бадамша ауылында «Қарғалы ауданындағы інжілдік мәсіхші-баптисттерінің Шіркеуі» діни бірлестігі, өкілі Берік Сержанұлы Айкунов.
Аудандық ішкі саясат бөлімімен діни экстремизмнің алдын-алу шегінде тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіліп тұрады. Аудан бойынша мектептерде, кәсіптік лицейде, аудан мешіттерінде, селолық округ тұрғындары арасында бір қатар кездесулер өткізілді. Аудандық газетте және аудан әкімдігінің сайтында діни экстремизмнің алдын-алу бойынша (11 дана) материалдар жарияланды. Облыстық дін істері бойынша департаментімен бірлесіп облыстық діни ақпараттық-насихаттау топ мүшелерімен жергілікті тұрғындар арасында кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Бүгінгі күнге қарағанда аудан тұрғындарымен 6 кездесулер өткізілген. 26 сәуір күні мұсылмандар зираттарын санитарлық тазарту жұмысы ұйымдастырылды, оқушылар үйінде «Дін және біздер» атты «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді, № 2 БОМ «Дін және адамзаттық келісім» атты іс-шара өткізілді. Ауыл жастарының арасынан 6 адам «Қазақстан бейбітшілік пен дінаралық келісімнің кеңестігі» атты облыстық байқауға қатысты.
Бүгінгі күнге қарағанда ауданда діни жағдай тұрақты.
АОК жүиесінің директоры Антонина Энновна Логинова еңбек өтілі 41 жыл одан 28 жылы ОКЖ, білімі жоғары, кітапханашы.
Аудандық кітапхана құрамы: аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, 16-бөлімшесі бар. Біздің кітапхана 1995 жылдан бастап, зинеткерлер мен мүгедек жандардың үилеріне барып кітаптар мен таныстырып, жағдайларын жасауда. Мемлекеттік кітапхан кітаптарымен қолданушылар 10357 оқырман. Барлық мемлекеттік кітапхана кітап қоры 221915 мың дана. Инфармациялық ресурстық кітапхана фонды Қарғалы ауданы бойынша 211311 мың дана, 2011 жыл 5876 дана кітап, мемлекеттік тілдегісі 4508 дана кітап. Барлық кітаптар госзакуп бойынша алынған кітаптар. Негізгі кітапхана коллекторы мәдениет министірлігінің мемлекеттік тапсырысы. Автаматтандырылған кітапхан жүйесі 2006 жылдан басталды. Біздің ауданда тек қана бір модельдік кітапхана Ащылсай кітапханансы бар. Интернет тек ғана аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде орналастырылған 11 компьютер сестема бойынша жұмыс жасайды.
Есепті жылдың негізгі мақсаттары және мәдениет саясатының бағыттары:
Қарғалы аудандық мәдениет Үйінің мақсаттары мен негізгі бағыттары Республикалық, облыстық немесе аудандық даталы күндерді атап өту. Өз деңгейінде іс-шаралар өткізе отырып халықтың бос уақытын тіимді өткізу.
«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша аудан көлемінде орналасқан мәдениет тарихының ескерткіштерін тануды жалғастыру/ескерткіштерді тіркеу, санағын жүргізу/. Ұлы Отан соғысына арнап соғылған ескерткіштерді абаттандыру. Қазақстанның өнер мен мәдениет және қоғам қайраткерлерінің мерейтойын мерекелеуге арналған бірқатар іс-шаралар өткізу. Аудан әкімдігімен бірлесе отырып барлық бөлімшелермен ұжым, кәсіпорындардың қызметкерлерімен бірге, Ұлы Отан соғысына арнап соғылған ескерткіштерді абаттандыру онкүндігі. (Қатысқан адам саны 300-400) «Тәуелсіздік таңы атты» дөңгелек үстел. (50 адам) «Мәдени мұра - өткен күнгі естеліктер, болашақ игілігі» дөңгелек үстел. (45 адам). Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын насихаттауда АНТ құрамымен бірге аудандық Мәдениет үйі көркем-өнерпаздарының гастрольды концерті. (Қатысқан адам саны 30-35) «Қазақстан азаматымын» атты дөңгелек үстел. (27 адам) «Жастар - салауатты өмір салты қолдайды» акциясы. (Аудан жастары және мектеп оқушылары (150 адам)) «Бірлігіміз жарасқан» дөңгелек үстел. (Мекемелерге келген мамандармен 62 адам) «Жазаның күнәсіз құрбандары» саяси жазалау оқиғасы кезіндегі көзі көргендермен кездесу кештер. (мектеп оқушылары және лицей оқушыларымен бірге 38 адам) Спорт мерекесі. Бұқаралық спортпен шұғылдану. Спорттық жарыс (аудан жастары және мектеп оқушылары, лицей оқушыларымен бірге).
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жатқан мамандар туралы мағлұмат
Бұл кесте бойынша Аудандық Мәдениет үйі және селолық клуб мекемелерінің штатын толықтыру да мәселе болып тұр. Аудандық Мәдениет үйінде хореограф жоқ. Көптеген селолық клубтарда мамандар жетіспейді. Мамандарға бірнеше мәрте өтініш жіберген едік, бірақ сұрақ шешімін таппады.
Дәстүрлі халық шығармашылығын сақтау, қорғау және дамыту шаралары.
Қарғалы аудандық мәдениет Үйі аудан тұрғындарының демалыс уақытын тиімді өткізу, кез-келген жастағылардың талант көздерін ашу және халық шығармашылығын дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіп келеді.
Орал қаласының Мәдениет университетін бітіріп келген маманымыз Жалғасбаева Назгүлдің жетекшілігімен жүріп жатқан «Домбыра» және «Қобыз» үйірмелерінде он бестей жастар мен жасөспірімдер тәлім алуда. Бұл үйірмеге қатыса отырып өздерінің талантын шыңдау мақсатында, бірнеше облыстық, аудандық байқаулардан жүлделі орын алғандары да жоқ емес. Алдағы мерекелік шараларға тыңнан тағы бірнеше номерлер дайындауда.
Ақтөбе мемлекеттік Гуманитарлық колледжін бітіріп келген және бір маманымыз Шамбаев Бағдаттың жетекшілігімен «Вокал» және «Хор» үйірмелерімен өз дәрежесін көрсетіп жүр. Вокалдық ән орындау үйірмесінде оннан аса тәрбиеленушісі бар. Олар аудан да өткен іс-шараларда қалыс қалып көрген емес. Сахнаға шығып өз өнерімен көзге түскендер облыс, аудан көлемінде өткен байқауларға қатысып бақ сынауда. Ал, аудан мекемелерінің қызметкерлерінен құралған Хор үйірмесінде жиырма бес қатысушысы бар. Олар дәстүрлі халық шығармашылығын сақтау, қорғау және дамыту шараларында «Патриоттық», «Дәстүрлі» әндерді орындап өз өнерлерін көрсетіп жүр.
Ащылысай ауылдық клубы – 4 адам, жетекшісі С.Кайрашев
Қосестек ауылы – 4 адам, жетекшісі Ә.Әбілов;
Степной ауылдық клубы – 2, Ересектер саны – 6, балалар – 6. Жетекшісі Ж.Қайыров. Білімі арнаулы орта.
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты жанынан ашылған «Студенттер театрының» түлегі Айжарықов Асхаттың жетекшілігімен Аудандық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Жастар театры» ашылған болатын. Онда аудан жастары және мектеп оқушылары өнер көрсетеді. 2011 жылы Ақтөбе қаласында «Екі Езу» театрының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Айтқыштар Ақтөбеде» атты әзіл-сықақ байқауына қатысып жүлделі орындарға ие болды. Сол байқаудан кейін Қарғалы аудандық мәдениет Үйінің сахнасында тұрғындардың көңілінен шығар қойылымдар, скетчтер және театрландырылған көріністер көрсетіп келеді. Айжарықов Асхаттың жетекшілігімен «Драма» үйірмесі де жұмыс жасайды. Ол үйірмеге жастар мен қатар аудан мекемелерінің қызметкерлеріде қатысады. Алдағы Тәуелсіздіктің жиырма жылдық мерей тойына арнап жазылған «Тәуелсіздік - ел тұғыры» атты театрландырылған койылым дайындалу үстінде. Пьеса авторы және қоюшы режиссері Асхат Айжарықов.
Әбіловтер отбасылық ансамблі – Қосестек ауылы, жетекшісі Әбілов Әлімжан – 1972 ж. т., білімі арнаулы орта, музыка пәнінің мұғалімі;
Әбілова Гүлнар – 1972 ж.т, бастауыш класс мұғалімі;
Әлімжанқызы Әдемі – Қосестек орта мектебінің 8-класс оқушысы;
Ұлт аспаптар оркестрі Әлімбет ауылдық клубының домбырашылар ансамблі – 18 оқушы. Жетекшісі Сарқұлов Мерген – білімі жоғары, Әлімбет орта мектебі, музыка пәнінің мұғалімі.
Фольклорлық ұжымдар «Сударушки» фольклорлы ұжымы – 8 адам, жетекшісі Уварова Л.И.
Петропавл ауылдық клубының «Ару Аналар» фольклорлы ұжымы - 12 адам, жетекшісі – Жұбанова Сарбиназ, білімі жоғары, Петропавл орта мектебінің музыка пәні оқытушысы.
Әлімбет ауылдық клубының фольклорлы ұжымы – 6 адам, жетекшісі Кулетова И. білімі арнаулы орта.
Жосалы ауылдық клубының «Сударушка» фольклорлы ұжымы - 10 адам, жетекшісі Арыстанова А. білімі арнаулы орта, Жосалы ауылдық клубының меңгерушісі.
Ащылысай ауылдық клубының фольклорлы ұжымы – 8 адам, Жетекшісі Шарковский В. білімі арнаулы орта.
Терме орындаушылар Есенаманова Балслу - білімі жоғары, балалар саз мектебінің оқытушысы, Бадамша ауылы;
Шаяхметқызы Зәуреш – Жосалы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі;
Қайыров Жеңіс – термеші, Степной ауылдық клубының сүймелдеушісі;
Аудандық Мәдениет үйі және ауылдық клубтар өз жұмыстарын одан әрі жандандыруда жұмыстар жасап, облыстық «Үлгілі», «Халықтық» атақтарын қорғауға дайындалып жатыр. Дегенмен мәдени жұмыстарды жандандыруда арнайы мамандардың жетіспеушілігі айқын байқалады. Жас мамандарға арналған тұрғын үй мәселесі өз шешімін тапса, бұл олқылықтар оң шешімін табар еді.
2016 жылдың міндеттері мен жоспарлары
- Ақылы қызметтің түрлерін кеңейту, ақылы қызмет жоспарын жыл сайын 1000000 теңгеге жеткізу;
- көркемөнерпаздар ұжымдарының жұмысын жандандыру, Орынбор облысының шекаралас аудандарына және аудан бойынша концертпен гастрольге шығу;
- тұрғындардың демалысын ұйымдастыруда жұмыстың жаңа түрлерін енгізу және жұмыстың ескі түрлерін жетілдіру, көрнекі шаралар өткізу;
- селолық мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және жүйенің біртіндеп дамуына ықпал жасау;
- аудандық Мәдениет үйінде селолық клуб меңгерушілерінің семинар-практикумдарын өткізу, аудандық Мәдениет үйі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби дайындық деңгейін жетілдіру үшін облыстық және республикалық курстарға жіберу;
- «Мәдени мұра» өңірлік бағдарламасын, «Мүгедектерді оңалту» бағдарламасын, «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасын және «Тілдерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауданның мәдени мекемелерінің жұмысын жалғастыру.
Көркемөнерпаздар үйірмелері туралы мәлімет
Ауданда клубтық құрылымдар 2016 саны - 51, қатысушылар саны - 531. /2015 жылы - 59/555/
Әбіловтер отбасылық ансамблі – Қосестек ауылы
Жетекшісі Әбілов Әлімжан – 1972 ж.т, білімі арнаулы орта, музыка пәнінің мұғалімі;
Әбілова Гүлнар – 1972 ж.т, бастауыш класс мұғалімі;
Әлімжанқызы Әдемі – Қосестек орта мектебінің 8 - класс оқушысы;
ВИА тізімі:
Аудандық Мәдениет үйі – 8 адам, жетекшісі Б.Шамбаев;
Ащылысай ауылдық клубы – 4 адам, жетекшісі Н.Кайрашев
Қосестек ауылы – 4 адам, жетекшісі Ә.Әбілов;
Степной ауылдық клубы – 2, Ересектер саны – 6, балалар – 6. Жетекшісі Ж.Қайыров. Білімі арнаулы орта.
Ұлт аспаптар оркестрі:
Әлімбет ауылдық клубының домбырашылар ансамблі – 18 оқушы. Жетекшісі Сарқұлов Мерген – білімі жоғары, Әлімбет орта мектебі, музыка пәнінің мұғалімі.
Қобыз үйірмесі:
Аудандық Мәдениет үйінде қобыз үйірмесіне қатысушылар саны – 4 оқушы. Жетекшісі Жалғасбаева Н.
Фольклорлық ұжымдар:
«Сударушки» фольклорлы ұжымы – 8 адам, жетекшісі Уварова Л.И.
Петропавл ауылдық клубының «Ару Аналар» фольклорлы ұжымы - 12 адам, жетекшісі – Жұбанова Сарбиназ, білімі жоғары, Петропавл орта мектебінің музыка пәні оқытушысы.
Әлімбет ауылдық клубының фольклорлы ұжымы – 6 адам, жетекшісі Кулетова И, білімі арнаулы орта.
Жосалы ауылдық клубының «Сударушка» фольклорлы ұжымы - 10 адам, жетекшісі Арыстанова А, білімі арнаулы орта, Жосалы ауылдық клубының меңгерушісі.
Ащылысай ауылдық клубының фольклорлы ұжымы – 8 адам, Жетекшісі Шарковский В. білімі арнаулы орта.
Терме орындаушылар:
Есенаманова Балслу - білімі жоғары, балалар саз мектебінің оқытушысы, Бадамша ауылы;
Есеев Жанарыс – білімі орта, Бадамша ауылы;
Шаяхметқызы Зәуреш – Жосалы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі;
Қайыров Жеңіс – термеші, Степной ауылдық клубының сүймелдеушісі;
Аудандық Мәдениет үйі және ауылдық клубтар өз жұмыстарын одан әрі жандандыруда жұмыстар жасап, облыстық «Үлгілі», «Халықтық» атақтарын қорғауға дайындалып жатыр. Дегенмен мәдени жұмыстарды жандандыруда арнайы мамандардың жетіспеушілігі айқын байқалады. Жас мамандарға арналған тұрғын үй мәселесі өз шешімін тапса, бұл олқылықтар оң шешімін табар еді.
АОК жүиесінің директоры Антонина Энновна Логинова еңбек өтілі 41 жыл одан 28 жылы ОКЖ, білімі жоғары, кітапханашы.