Аудан әкімінің орынбасарлары

Шүйіншалиев Асланбек Серікұлы
1988 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Қазақ-орыс Халықаралық Университетін заңгер және Алматы Экономика және статистика институтын – экономист мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын ҚР Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы болып бастап, кейін ҚР Монополияға қарсы Агентігінің Ақтөбе облысы бойынша инспекциясының бас маманы, Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, Бадамша ауылдық округінің әкімі, Алға аудандық қаржы бөлімінің басшысы қызметте жалғастырды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін облыс әкімінің бас инспекторы болып қызмет жасады.
Төлегенов Жақсат Сәндібайұлы
1986 жылы 24 ақпанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қазақ гуманитарлық Заң университетін Заңгер мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын Ақтөбе облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы Темір филиалының инспекторынан бастаған.
Темір аудандық білім бөлімінің заңгері, бас маманы, Темір аудандық әкімі аппаратының бас маман-заңгері, Темір аудандық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық және қаржы бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы Әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, бөлім басшысының міндетін атқарушы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының Заң бөлімінің басшысының міндетін атқарушы, Ақтөбе облысы Әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Темір ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы болып қызмет жасады.