Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жүзеге асыру бойынша ақпарат

Ақпарат
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын талқылау және ақпараттандыру бойынша 2018 жылдың 08 қазаны күні Жосалы ауылдық клубында аудандық активпен мәжіліс өтті. Қатысушылар саны – 220 адам.
Аталған мәжіліске, аудандық мәслихат депутаттары, Қоғамдық Кеңес мүшелері, мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар басшылары, қоғамдық ұйымдар басшылары, ақсақалдар, жастар және БАҚ өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты.
Сонымен қатар, Жолдаудағы міндеттердің барлығы – халықтың, қарапайым тұрғындардың денсаулығын, әл-ауқатын көтеруге және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 2018 жылдың 09 қазан күні барлық ауылдық округтерде ауыл тұрғындарын жолдау аясында ақпараттандыру бойынша жиылыстар өтті.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 05 қазаны мен 04 қарашасы аралығына Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын аудан тұрғындарына кең көлемінде түсіндіру мақсатында жоспар құрылып, жұмыстар атқарылуда.
А.ж. қазан айының 16-17 күндері аралығында аудан әкімі жанынан құрылған ақпараттық топтардың (8 топ) елді-мекендерге шығу кестесі құрылып, Жолдауды насихаттау және негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында кездесулер өткізіді. Ақпараттық топ жетекшілеріне жадынама таратылып, елді мекендерге іс-сапар кезінде ондағы тазалық және ауыл мектептерінің жылыту қазандықтарын қарау бойынша нұсқаулық берілді.
Сонымен қатар, аудан бойынша бір қатар мекемелерде Елбасының Жолдауы өз ұжымдарында талқыланды.
Бұл жұмыс әрі қарай жалғасуда.