Әскери кәсіптің рөлі

- Біздің аудандық қорғаныс істері жөніндегі жаңадан тағайындалған бастығы әскери майор Касымхан Курбангалиұлы Мединаевпен әңгімеміз келісімшарт бойынша әскери қызметкерлері қатарына қосылғысы келетін азаматтар үшін ғана емес, сонымен қатар келісімшарт бойынша әскери қызмет деген не және оның қандай мүмкіндіктері бар екендігін аудан жастарынатүсіндіру болатын.
-Касымхан Курбангалиұлы алдымен жеңілдіктер мен мүмкіншіліктерге тоқталып өтсеңіз?
Лайықты жалақы, әскери атағы мен лауазымына қарай 80 000 (сексен мың) 90000 (тоқсан мың) теңге көлемінде тұрақты жалақы, қызмет өткерген жылдарға сай жалақаны көтеру.
Зейнетақымен мемлекеттік қамтамасыз ету.
Қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету. Қызметтік тұрғын үй болмаған жағдайда – пәтерді жалға алуға өтемақы төлеу.
Әскери қызметкерлер мен отбасы мүшелерін медициналық қамтамасыз ету.
Әскери қызметкерлердің балаларына тұрғылықты мекен-жайда орналасқан бала-бақшадан кезектен тыс орын беру және басқа жеңілдіктер баршылық, тек ел тыныштығын күзетуге белсене қатысып, темірдей тәртіпке көндіксеңіз боғаны.
-Келісім-шарт болған соң өзіндік шарттары да болуы керек қой орындау жолдарында еске салсаңыз?
Келісім-шарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдар мынандай талаптарға сай келуге
Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болу;
Курсанттарды қоспағанда, он тоғыз жастан кіші емес әскери атағына байланысты әскери қызметте болудың осы Заңында белгіленген шекті жасынан он бес жас кіші болуға, яғни 19 жастан 30 жасқа дейін. Бұрын келісім-шарт бойынша қызмет атқарған азаматтарға 30 жастан жоғары.
Әскери лауазымға сәйкес келетін әскери-есептік мамандығы болуға;
Мерзімді әскери қызметті өткерген,не жоғары оқу орындарының әскери кафедрасынан оқудан өткен немесе Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өткен (әскери техникалық мектеп) болуға тиіс.
-Әскерге шақырылушылардың мезгілі мен талаптары қандай болмақ?
Қазақстан Республикасы бойынша 2017 жылғы күзгі шұғыл әскери қызметке шақыру науқаны жүргізілуде. Әскерге шақыруға жататын 18-27 жас аралығындағы азаматтар Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуі тиіс және медициналық куәландырудан өтіп әскерге жарамдылық деңгейін анықтауға Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-V Заңына сәйкес міндетті. Әскери қызметтен жалтарған жағдайда ҚР қылмыстық кодексінің 387 бабына сәйкес бір мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейтінін және бір жылға бас бостандығынан айырылатынын ескертеміз.
-Әскери техникалық мектептерде білімін жетілдіріп шыңдалуына да мүмкіндіктер қаралған ба?
Әриене толық мүмкіндік бар. Қарғалы ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны «Әскери-техникалық мектебі» Ақтөбе филиалының базасында 24 жастан 27 жас аралығындағы денсаулығына байланысты 1,2,3 шектеулі дәрежесі барлар, оның ішінде жанұя жағдайына байланысты (үйленгендер) және білім деңгейі орта білімді әскери қызметін өтемеген ер азаматтарды 40 күндік ақылы оқуға шақырамыз. Оқу ақысы 263 318 (екі жүз алпыс үш мың үш жүз он сегіз) теңге. Оқу аяқталған соң әскери билет беріледі
-Осы айтқандарыңыздың анық-қанығына жету үшін алдымен қайда барып бағыт-бағдар алуға болады?
Келем деушілерге есік ашық! Қарғалы ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде келісім-шарт бойынша әскери қызметке азаматтарды жинау жұмыстары жүргізілуде.
Кәсіби әскери қызметші мансабын таңдағысы келген 19 жастан 30 жасқа дейінгі барлық ер азаматтарға: запастағы офицерлерге, сержанттар (старшиналар) мен сарбаздарға (матростарға) Қарғалы ауданы Бадамша ауылы Пацаев қөшесі 7 үй, мекен-жайы бойынша хабарласуы сұралады. Байланыс телефондары: 22-7-50.
Жастарға жөн сілтер әңгімеңізге көп рахмет.
Әңгімелескен:
Бақыт Имашев