Хатшылар бас қосты

Жиынды ұйымдастырушылар сот отырысы барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін үн және бейне құралдарын пайдаланудың мақсаты мен тәртібіне тоқталды. Сондай-ақ, «Төрелік» жүйесіне енгізу, электрондық хаттамамен тараптарды таныстыру және судья мен сот отырысы хатшысының электрондық қолтаңбасын қою, қажеттілігіне қарай көшірмесін жасау мен сақтау тәртібі жайлы айтылды.
Шара барысында қатысушылар сот отырысы бойынша үзіліс жариялау, кейінге қалдыру, басты сот талқылауын жалғастыру мәселелеріне қатысты сұрақтарды үн бейне жазу бағдарламасын қолдана отырып талқылады.
Семинарда сот отырысының үн бейне жазу жұмыстарын жүргізу жауаптылығы толығымен сот отырысы хатшыларының құзырына жатқызылғандығы айтылды.
Айман Файзуллина,
Қарғалы аудандық сотының
бас маман-сот отырысының хатшысы