Мектептегі медиация мүмкіндігі мен келешегі

Аталған шараға Ақтөбе облыстық сотының судьясы-медиация бойынша үйлестіруші Б Алматова, аудандық сот төрағасы Н. Аманкулова, аудандық білім бөлімінің басшысы И Сакауова, Мартөк және Алға аудандарынан келген медиаторлар, жергілікті ауылдық округ медиаторлары, білім ордаларының мұғалімдері және басшылары ҮЕҰ мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар барысында Қ Р медиацияны қолдану тәжірибесі жөнінде айтылды және Ақтөбе облыстық сотының судьясы Б Алматова Қазақстандағы медиация құқықтық аспект қызметі туралы айтып өтті.
Өзінің «Мектептегі медиацияның артықшылықтары» атты тақырыптағы баяндамасымен аудандық білім бөлімінің басшысы И Сакауова аудан мектептерінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға шолу жасады.
Ащылысай орта мектебінің директоры – кәсіпқой емес медиатор Л Ильчевская медиация рәсімін өткізу тәртібімен және мектептегі медиацияны дамытудағы өз тәжірибесімен бөлісті.
Талқылау барысында шара қатысушылары мектептегі медиацияны дамыту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында Қарғалы аудандық сотының төрағасы Н Аманкулова қатысушыларға сот ауыртпалығын азайтқан және қоғамның құқықтық мәдени санасын күшейткен медиация дамуына қосқан белсенді үлестері үшін алғысын айтты.
Айман Файзуллина,
аудандық соттың
бас маманы сот мәжілісінің хатшысы