Мектептен басталған бітімгерліктің берері көп

Өткен аптаның бейсенбісінде№ 1 Бадамша орта мектебінде аудандық соттың қолдауы мен білім сала қызметкерлерінің ауданаралық медиацияның қазіргі жай- күйін бағдарлау барысында «Мектептегі медиация мүмкіндігі мен келешегі» атты семинар-кеңес өтті.
Оған Алға, Хромтау, Қарғалы ауданындағы білім саласындағы кәсіби маман емес медиаторлар шақырылып, Қазақстандағы медиация: құқықтық аспект Ақтөбе облыстық сотының судьясы Бақыт-Жамал Алматова қатысып, облыстағы медиация соның ішінде мектептегі жұмыстар жөнінде шолу жасап өтті. Алдымен «Қазақстан Республикасындағы медиацияны қолдану тәжірибесін көрсетуді көздеген бейнекөрініс көрсетілді. Аудандық білім бөлімінің басшысы Индира Сақауова «Мектептегі медиацияның артықшылығы не ?» - деген тақырыпта баяндама жасап соның ішінде біздің аудан көлемінде жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып жетістіктерін жеткізе айта тұра әлі де толықтырар тұстарында айтып өтті. Жиылған білім сала мамандары осындай игі іске үлгі болып жүрген Ащылысай орта мектеп балабақшасының тәжірибесі мен бөлісті. Аталмыш мектеп директоры Лариса Ильчевская Ащылысай ауылдық округінің медиаторы, сонымен қатар өзі жетекшілік етіп отырған білім ошағының жетекшісі, өз ісінің маманы оқушылар арасында медиацияны түсіндіруге ұйтқы болып жүрген ұлағатты ұстаздың айтары көп, үйретер жағы да мол болды. Жетекші медиатор мектептегі құрылған медиациялық жұмыстың негізгілеріне тоқталып, бейнекөрініс арқылы көрсетіп өтті. Осы жұмысты жандандырған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т. Бондаренко, психолог В. Агафоновалар әсіресе бітім іздеп келуші мен медиатордың іс барысындағы өзін-өзі ұстау қағидаларын сөз еткенде қатысушылар керектігін сезіне ілесе жазып отырды. Басқа да келгендер алдындағы қабылдау мәдениетінен бастап іс жүргізіп, жетекшілерінің сөзін пысықтап, жиылғандар мен іс- тәжірибелері мен бөлісті. Бір сөзбен айтқанда өздері тоқталған оқу-тәрбие процесінде медиация қызметінің білім саласындағы мамандар азғана уақытта мектепке қажеттілігін дәлелдегендей болды.
Осы өткен іс-шараға ұйтқы болған аудандық сот төрайымы Назира Аманкулова қорытынды сөздерінде төрт ауданнан қатысқан білім саласының медиаторларына осы шараны өткізудегі маңыздылығына тоқтала,ұқыпты ұйымдастырған аудандағы білім сала қызметкерлеріне алғысын жеткізді. Арнайы келген қонақ Б. Алматова өзінің қорытынды сөзінде, - облыстағы медиацияны қолдаушылармен жиі кездесіп қал - жағдайын біліп жүрмін осы ауданға, келгеннен мақтауын жеткізіп мақтағаным емес, Қарғалы ауданы қатарларынан қарға адым болсада алда келеді, деген ризашылығын да жеткізді. Ащылысай орта мектебінің іс-тәжірибесін бастан аяқ тыңдап, жақсы бастамаға тәнті бола алға қарай облыстағыбілім бөлімдеріне үлгі ететін боламыз,дегенді жеткізе кетті. Сіздің аудан тұрғындары медиацияны бастамадан - ақ қолдап кеткен ауданның бірі , аяқ алыстарыңызда жақсы екенін болған жерімде айта жүремін, деген ризашылық сезімінде айта отырды. Жалпы алғанда медиация білім саласына қажет пе - деген сұраққа жауаптай өткен семинар кеңеске қатысқандардың ой тілегі бір жерден тоғысып, бастауы мектептен басталса берері мол десе, кейбіреулері тал бесіктен , балабақшадан басталса да артық емес десіп жатты. Семинарға қатысқандарға арнайы сертификаттар табысталып ,алға қарай дамытуға кеңестер беріліп, сәттілік тілеген төрт ауданның білім саласындағы мамандарының медиацияға көзқарасын бағалаған кездесу өтіп, бағыт - бағдар берілді деуге де боларлықтай
Бақыт Имашев