Ұлттар өнерін өрнектеген ауыл

Өткен аптаның сенбісінде Кемпірсай ауылдық округі Бадамша ауылындағы жерлестері Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан Жоныс Үкібаев көшесінде ауыл тұрғындарына өнімдерін әкеле, ауылдарында тұрып жатқан тату- тәтті түрліше ұлт өкілдерінің өнерін паш етті. Бадамша ауылындағы «Радуга», «Идеал» дүкендерінің маңына сауда сөрелері қаз қатар орналасып, азық- түліктер толы сауда қыза түсті. Бір сөзбен айтқанда төрт түліктен алынар тағамның бәрі нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен сатылып, алушылар қарасы да көп болды. Қатарласқан қос киіз үйдің бірі ауыл адамдары, ауыл тарихын бейнелейтін кітапханашылар ұйымдастырған «Жүрегімде туған жер» кітапшаларға толы болса, келесісінде келім-кетім қонақтарға ыстық шай мен ауылдың жылы жұмсағынан дәм татырып, қарттарға құрмет көрсетіліп жатты. Бүгінгі өткен шараның бастауы ауылдас батырлары Жоныс Үкібаевтың өмірбаянымен ерлігін дәріптеуден басталып, көше басындағы естелік тақтаға гүл шоқтары қойылып, жиылған жұрт бір минут үнсіздікпен еске алды. Жүргізушілер ауылдың өркендеуіне үлес қосып жүрген жандарға тоқталып, басты деген «Жосалы- Агро», И. М. Кудря басқаратын шаруашылық қожалығы, «Кудря» Ю. Ю. Филатов бақаратын «Филатово» шаруашылық қожалықтарының еңбектеріне тоқтала жетістіктерін мақтан етті. Ауыл өнерпаздары ауылдарында мекен еткен 8 ұлт өкілдерінің өнерін дәріптеп өнерлерін өрге сүйреп қазақ халқының дәстүрінде көрсете білді. Күздің ызғарлы желін өнерлерімен шуаққа айналдырған ауыл өнерпаздарының өнері мен ыстық ықыласын Бадамша тұрғындары мен ауылдастары, қол соға ризашылық білдірді. Осы өткен ауыл күніне аудан әкімінің орынбасары Ерлан Блиев, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төраға орынбасары Сапарбек Аманжоловтар қатысып, сөреде саудасын қыздырғандар мен алушылардың ой пікірін тыңдап, көпшілікпен бірге өнерге де риза болысты. Ауылдастарының өнерін өрге сүйреген өнерпаздар күздің қара суығын жазға айналдыра түрлі ұлттың билерін нақышына келтіре билеп, әндерін шырқап Бадамша аспанында қалықтатты. Мерекедей өткен ауыл күні ауылдас батырлары атындағы тұрғандардытүрліше номинация бойынша марапаттады. Жол-жоралғы бойынша көшенің ең үлкен тұрғыны биылғы жылы 84 жасқа толған Жаманқұл Мыңбаев ақсақалдың аты аталып, осы маңызды шара күні туған осы көшенің тұрғыны мерекелік шарамен тұспа- тұс келген әжелері Сайлан Юсупованың туған күніне сый- сияпат табысталды. Келесі кезекте ауданға танымал осы ауданның өркендеуіне үлесі мол, ауылшаруашылығын өрге сүйреген аудан көлемінде өзіндік қол таңбасы бар Ауданның «Құрметті Азаматы» Байбосын Ешпановтың еңбегі ерекше екпінмен аталды. Айтса айтқандай Байбосын Төрешұлы ЖОО бітірген жас маман еңбек жолының әліппесін Жосалы ауылынан бастап айтарлықтай еңбегінің арқасында түрліше басшылықтың тізгінін ұстап, шәкірттер тәрбиелеп еңбектегі өнегесін көсеткен кәнігі ауылшаруашылық маманына қандайда болмасын құрметтің артығы жоқ. Сыйға- сый дегендей Байбосын Төрешұлы еңбегін елеген ауыл адамдарын ағалық ақ тілегін жаудыра ризашылығын білдірді. Көшенің ең кішкентай тұрғынында ескерусіз қалдырмаған кемпірсайлықтар көшенің ең кіші бүлдіршіні Любовь Удодқа да сый- сияпат жасаса, ауылдас батырлары тұратын көшенің № 71 үйді мекен еткен көшедегі әсем безендіріліп гүлмен көмкерілген әйбат үй, деп бағалап отбасына ұйтқы болып отырған Рахила Гусманованы да марапаттап ауылдастары атындағы көшеге сән берудегі өнегесі үшін алғыстарын жеткізді. Аты аталған марапат иелеріне Кемпірсай ауылдық округі әкімі Асхат Айжарықовтың «Алғыс хаты» мен сый- сияпаттар табысталды. Аудан орталығын ән мен күйге бөлеген бірнеше еңбек майданының ерлері мекен еткен Кемпірсайлықтар атынан сөз алған ауылдық округ әкімі Асхат Айжарықов осындай атаулы іс-шараға ызғырық желді елемей келген көше тұрғындарына, ауылдан арнайы келіп қолдау білдірген ауылдастарына шараның өтуіне демеушілік білдірген «Радуга» «Идеал» дүкендерінің ұжымына шексіз алғысын білдірді. Өнер мен жалғас алаңда қол күрес, гір көтеру, арқан тартыспақ спорттық ойындары өтіп, қыйқулаған дауыстар Бадамша аспанын жаңғырта, бақ сынағандар да бағасын алысты. Бүгінгі мерекедей өткен елеулі думанның соңында Бадамша ауылындағы «Ансар» кафесінде ауыл ардагерлері мен ауылға пайдасы тиіп жүрген шаруашылық басшылары ақ дастархан басында бас қосты.
Аптаның әр сенбісінде ауылдықтар бадамшалықтардың көңілін көтерер думанды күндер әлі жалғасын тауып, бір-бірінен асып түспекші.
Тек көрер көз, шашбауын көтерер көрермендері көп болса деймізде.
Бақыт Имашев