Қазыналы қарттарды қадірлейік

Осының айқын айғағындай әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік қолдау бағытындағы мемлекеттік шығыстардың көлемі жылдан-жылға көбейіп келеді. Ақ жаулықты ана, ақ шашты қарияларымыз бүгінгідей аты атаулы қарттар күнінде ғана емес, әрдайым мемлекеттің назарында, ауылдастарының қарауынан шет қалған емес. Мектеп оқушылары, ауыл жастары қамқорлыққа алып, қол ұшын беріп қолдау көрсетуде. Аудан, ауыл басшылары да жұмыс арасында ат басын бұрып қалін біліп, арнаулы мерекелерде арнайы барып көңілдерін көтеруді дәстүрге айналдырған.
Аудан әкімі Рахат Сыдықов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Надежда Заглядова осы дүйсенбіде аудандағы арамызда жүрген екі Ұ.О.С ардагерінің бірі Бадамша ауылының тұрғыны қан майданның бел ортасында болған жауынгерлердің аудандағы сарқыншағы ерліктің куәсіндей 92 жастағы қария Владимир Еремеевскиді құттықтауға арнайы атбасын тіреген болатын. Ардагерін ардақтаған аудан әкімі қал –жағдайына қаныққан соң өзінің құттықтау хатын табыстап, сый- сияпатын ұсына саулық тілесе, ардагерде ақ батасын берді. Ауданымыздағы зейнеткерлер арасында жеңісті жақындатуға үлес қосқан тыл еңбеккерлері де баршылық. Солардың бірі Бадамшалық жеңісті жақындатуға, ауданды дамытуға үлесі бар жұмысын «Новый путь» ұжымшарының бұзаушылығынан бастап 18 жыл Әлімбет мектеп интернатында аспаз болып жұмыс жасаған 84 жастағы Ақкенже Болатова әжені де құттықтап аман саулығын біле, аудан әкімі мерекелік құттықтау хаты мен сый-сияпатын табыстап , ананың алғысын алды. Жалпы еліміздегі қандай да мереке болмасын қарттар ескерілмей қалған емес, еңбектері еленіп еске алынып жатады.. Соның ішінде қарттар күні мерекесінде әр ауылдық округ, мекеме, ұжым өз ардагерлерін ардақтап арнайы қонақтап, жүре алмайтындарының үйлеріне арнайы барып, жол-жоралғыларын жасап жатады. Бұдан ұлт тәрбиесін көріп, кейінгілерге үлгі болар тұстары жетерлік. Ардақты қарияларға көрсеткен ізгі ниетіміз келер ұрпаққа еселеп қайтады, дегенді ескерсек қазыналы қарттарды қадірлеу перзенттік борышымыз.
Бақыт Имашев