Ауылға сыйлы ана

Солардың бірі ауылымыздағы Толқын ананың есімін айтқан кезде көз алдымызға қарапайым, жаны жайсаң, еңбекқор адам келеді. Қашан көрсеңізде ашық-жарқын аман-саулық сұрасып, іші-бауырыңа тарта сөйлесетін абзал ананы ауыл адамдары ерекше құрмет тұтады. Қысқаша айтпағымыз,зейнеткер ана- Толқын Диханбаева Смағұлқызы туралы болмақ.
Зейнеткер ана зейнетке шықса да Степной ауылының «Степное» ЖШС-де жұмыс жасап, еңбектен қол үзбей келеді. Жұмыс таңдап тұрмай қай іс болса да ақ көңіл, шын ниетімен кірісе кетеді. Осы еңбекшілдігімен де баршаға жаққан абзал жанды ауыл басшысы АманғосТөлеуов ағамызда еңбегін жоғары бағалап, өз анасындай жақсы көріп, сыйлайды, баршаға үлгі етуді де бекерден- бекер емес. Ауыл басшысының кейде әзілдесіп: «Толқын апа, сіз 10 жылға ерте туғансыз, сәл жастау болғаныңызда менің орынбасарым болар едіңіз» деген сөзі мен өзінен үлкен жанды асыра мақтап жатпай-ақ бір көтеріп тастауында да зор ризашылық жатқанын сезуге де болардай қошемет. Шынында да асыл анамыздың тынымсыз еңбегіне берілген әділ баға сияқты. Өз басшысының қолдауына сүйенген зейнеткер анамыз да ауыл басшысына әр кез өз ризашылығын айтып, жүрген жерінде алғысын білдіре жүреді.
Толқын апа, сіз тек өз ұл-қыздарыңыздың ғана емес, бүкіл ел анасысыз, әлі де арамызда ауыл аймақтың ақылшысы құрметтісі болып жүре беріңіз. Ауылда да, жұмыста да сіздің алар орныңыз ерекше, орыныңызды толтырар өзіңіздей ақ жаулықтылар көп болса ауылдың мәні, өмірдің сәні жалғаса түсері анық.
Қарғалы – ақпарат