Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету – жауапты міндет

Қарғалы ауданындағы мемлекеттік органдарда «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысы негізінде бүгінгі таңға 99 мемлекеттік қызметтер түрлері көрсетіледі.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы мемлекеттік қызметтердің 20 түрі, соның ішінде, мекеме арқылы – 11, мемлекеттік корпорация арқылы – 2, баламалы негізде – 7, электрондық түрде – 5 қызмет көрсетіледі. білім бөлімі арқылы аудан төңірегінде білім саласы бойынша мемлекеттік қызметтердің 25 түрі, соның ішінде, мекеме арқылы – 17, мемлекеттік корпорация арқылы – 4, баламалы негізде – 4, электрондық түрде – 12 қызмет көрсетіледі, дене шынықтыру және спорт бөлімі – 1, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімімен мемлекеттік қызметтердің 12 түрі, соның ішінде, мекеме арқалы – 4, мемлекеттік корпорация арқылы – 1, баламалы негізде – 6, электрондық түрде – 8 қызмет көрсетіледі, жер қатынастары бөлімі арқылы мемлекеттік қызметтердің 11 түрі, соның ішінде, мекеме арқылы – 5, мемлекеттік корпорация арқылы – 1, баламалы негізде – 5, электрондық түрде – 6 қызмет көрсетіледі, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі арқылы мемлекеттік қызметтердің 5 түрі, соның ішінде, мемлекеттік корпорация арқылы – 3, баламалы негізде – 2, электрондық түрде – 3 қызмет көрсетіледі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы – 5, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде – 1, кәсіпкерлік бөлімінде – 4, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі АХАТ қызметтері бойынша 9 және ветеринария бөлімімен 6 мемлекеттік қызметтер түрлері көрсетіледі.
Облыс әкімімен бекітілген 2017 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарында Баламалы негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер тұтынушыларының үлесін 75%- жеткізу, электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер тұтынушыларының үлесін 60%-ға жеткізу тапсырылған болатын.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің көшпелі Ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының тоқсан сайынғы хаттамалық шешімімен мемлекеттік орган арқылы қағаз түрінде көрсетілетін қызметтердің үлесін азайту жөнінде тапсырма берілді.
Осы шаралардың бәрі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсету мақсатында істелініп жатқан жұмыстар.
Қарғалы ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұсыныстарын басшылыққа алып, төмендегідей жұмыстар атқарылғанын хабарлайды:
Мемлекеттік мекемелерде қызмет алу үшін тұтынушыларға қолайлы жағдайлар жасалған, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустар жасалып, құжаттарды толтыруға арналған үстелдер мен орындықтар қойылып, қызметтер туралы қажетті барлық ақпараттар қолжетімді стенділерге орналастырылған.
Қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын және тәртібін түсіндіру бойынша ауданның жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, яғни аудан әкімдігінің сайтында және аудандық Қарғалы газеті беттерінде («Госуслуги в сфере сельского хозяйства», Оказание государственных услуг через «ПОРТАЛ ЭЛЕКТРОННОГО ПРАВИТЕЛЬСТВА», «Жители отдаленных населенных пунктов могут получать госуслуги на почте», «Шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік қызметтерді пошта арқылы алады», «О государственных услугах, оказываемых Ащылысайским сельским округом», Акция «Качественная услуга») атты 6 мақала жарияланды және «Электронды үкімет» порталы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы баламалы түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу мақсатына арналған тақырыпта аудандағы мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлімдердің қатысуымен есептік кезеңде 11 семинар-кеңестер өткізіліп, «Мемлекеттік қызметті тұтынушылардың құқығы» тақырыбына 3 баннер орнатылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын және тәртібін қызмет алушыларға түсіндіру мақсатында ауданның атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттар аудан әкімдігінің сайтында орналастырылды (мемлекеттік қызметтер паспорты, стандарттар немесе стандарттар жобалары, электрондық қызметтер регламенттері, мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі туралы ақпарат және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы жылдық есебі)
Аудандық коммуналдық қызмет көрсететін мекемлерге (Қарғалы аудандық электр жүйелері учаскесінің бастығы А.Ж.Өтегеновке, «Бадамша – Сервис» КМҚ кәсіпорынның директоры М.Усмановқа, Қарғалы аудандық электр қуатымен қамтамасыз ету учаскесінің бастығы В.А.Кулешовке, Қарғалы аудандық газ шаруашылығының директоры Р.О.Сақтағановқа) қызметті алушыларға қолайлы жағдай жасау, яғни мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустар жасалып, күту орындарына құжаттарды толтыруға арналған үстелдер мен орындықтар қою жөнінде аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевтің атынан хат жолданды.
Ауданның атқарушы органдарымен көрсетілетін 8 мемлекеттік қызмет түрлерін (Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу, Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу, Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу, Мүгедектерге кресло-арбалар беру, Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету, Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу), Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету баламалы түрде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы ХҚКО арқылы көрсету ұсынылды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы № 88 –V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының негізінде электронды түрде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушылардың үлесін көбейту бағыттарында түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырлады.
Алдағы уақытта ауданның атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге шағымдануды болдырмау, электронды қызметтерді тұтынушылардың үлесін көбейту, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтер санын арттыру бағыттарында жұмыстар жалғаса береді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтап, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы уақытылы толық ақпарат ұсыну және сыпайылық таныту сынды жұмыс қағидаттарын қатаң сақтайды.
2017 жылдың 9 айына көрсетілген мемлекеттік қызметтерге аудан тұрғындары тарапынан және аудан кәсіпкерлерінен сапасыз мемлекеттік қызмет көрсету деректері бойынша арыз-шағымдар болған жоқ.
Қарғалы ауданы әкімі аппараты
мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелерін үйлестіру
бөлімінің басшысы С.Мұхтасаров