Еңбегі өнеге, ел ағасы

Бірнеше аудан мен облыс көлемінде өзіндік қолтаңбасы , тәлім-тәрбиесімен, адами өнегесі бар ел ағасына құрмет рәсімін аудан әкімі Рахат Сыдықов аудан зиялы қауымы мен мектеп оқушылары сапқа тұра, аудан орталығындағы «Мәңгілік алау» жанында қадірменді қонақты қарсы алып, ел үшін жанын берген боздақтардың көзін көрмесе де ұрпақтарымен еңбектес, дәмдес болған ел ағасы Сапар Сағынтаев көппен бірге үнсіздікпен еске ала,гүл шоқтарын қойды.
Одан әрі аудандық мұражай мен өнер мектебіне барып жалпы ауданның өркендеуіне көңілі толатындығын жеткізді. Құрметті қонақты аудандық мәдениет үйінде құрдастары, тұстастары ізін қуған әріптестері қошеметпен қарсы ала ыстық құшақтар табысып толқыған сәттер бастау алып, қонақ сахына төріне әріптес тұстасы Қарғалы ауданының «Құрметті азаматы» осы ауданды көркейтуге өзіндік үлесі мол Иван Юреевич Демишев ақсақал екеуі көтерілді. Тұсау кесерді әсем сөзбен жеткізген жүргізушілер сөз кезегін құрметті қонаққа берді. Өз сөзін қысқаша толқыныста жеткізген ел ағасының екі кітапқа жүк болар ұлағатты өмір жолын шағын газетке сыйғызу мүмкін еместігін ескере бізде басты дегеніне тоқталдық.
Құрметті ағамыз 15 қаңтар 1936 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келіп, мектепті де сонда бітіріп еңбек жолын қарапайым мұғалімдіктен бастап, таза ақ адал еңбегінің арқасында мемлекеттік қайраткерлікке жеткен кейінгілерге айтар өнегесі мол қоғам қайраткері. 1969 жылы Орал қаласының А. С. Пушкин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының физика - математика мамандығын игерген. Алайда жер қадірін 6-7 жасында ат жалын тартып мініп,балауса шақтан мектеп бітіргенше таңғы шықта шөп шауып, мал азығын дайындап басқада ауыл тіршілігін, жер қасиетін сезген ауыл баласының еңбек жолы сол кездегі одақ астанасы Мәскеу қаласындағы Ленин орденді Тимирязов атындағы ауылшаруашылық академиясының ғылым агроном-экономика мамандығын тәмамдаған, маманның еңбек жолы ауыл –аймақтың жоғын жоқтауға ұласып жүре берген сыңайлы.Ел ағасы осы оқу кезінде ресейдің ірі де білгір ауыл шаруашылығы мамандарынан сабақ алып, қоғамдық саяси науқанда Алматы Мәскеудегі ірі қоғам қайраткерлерінің ойынан шығып, сенімге ие болған өз кезінің ері деседе болғандай.
1974 жылы СОКОп орталық жанындағы жоғары мектебін тәмамдаған. Кезінде Степной (Қарғалы) ауданында комбайыншы болған дала ұлы бүгін еңбек еткен елінің құрметті қонағы ,әріптестерін еске ала толқыпта отырды. Айта берсек кезіндегі Ленин ауданында екінші хатшылықтан бастаған саяси қоғамдық жолы Ойыл, Октябрь, Мұғалжар аудандарында партия комитетінің бірінші хатшысы болып партиялық сынақтан өткен жанға сенім мол тапсырма да зор болғанын айтпаса да аңғаруға болардай. Қарапайым еңбекқорлығына сенген партия тарландары талай сынақтан өткізіп тапсырма берсе де тапжылмай орындаған ер мінезді , бір сөзді тұлға. 1984-1992 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып еңбек еткен кездерін бағалаған облыс халқының қолдауымен 1985- 1990 жылдары Қазақ КСР жоғарғы Кеңес депутаттығына сайланып ауыл мұқтажы үшін шырылдағанын ұмытқан емес. 1990-1994 жылдары алағай да былағай тұста одақ, республика басшыларымен иық тірестіре ой- пікірін жасқанбай айтып, елдің елдігін айқындауға үлес қосқан жан.
Еңбектері де елеусіз қалған жоқ ауылым деген, ауыл азаматының өңірінде Кеңес кезіндегі еңбекті бағалар белгілер жарқырап сылдыр қағады. Екі мәрте 1967-1971 жылдардағы «Құрмет белгісі», 1973-1976 жылдардағы екі мәрте «Еңбек Қызыл ту» ордендері, 1981 жылғы өңіріне таққан «Октябрь Революциясы» ордендері, үш медалі ақ адал еңбектің белгісіндей көз тартса, орденге тұражақ төрдегі Қазақ СР Жоғарғы Кеңестің Құрмет Грамотасының қатарын толтырған мадақтау марапаттары ел ағасының төріне сән,келген қонақтарға айтпасада өткен өміріне мән берген әсерде қалдырады. Ел ағасының ұзақта ұлағатты жолына қысқа ғана тоқталдық.
Өз өмірін мәнімен жеткізген елағасын құттықтаған ауданәкімі Р Сыдықов елі үшін ерен еңбегіне алғыс айтып, қазақы құрметпен астына ат, иығына шапан жауып , осы кезге дейін 82 жастан асса да сыр бермей өмір жолын кейінгілерге айтудан шаршамай келе жатқан Сапар ағасына перзенттік ниеттегі «Алғыс хатын» табыстап, әліде аттан түспей арамызда аман-есен жүре беріңіз, деген тілегін өзі және де аудан тұрғындары атынан жеткізді.
Келесі кезекте ел ағасының әріптестерінің бірі замандас тұстасы осы өңірдің ел ағасы Бақыт Ғизатов, И Ю Демишев, ауыл –аймаққа танымал Сапар ағаның кезінде жаңа жұмысқа араласа бастап бүгінгі күні елге танымал болған ізбасары Аманғос Төлеуовтер өз құттықтауларына жалғасқан салтанатқа ұласты. Бүгінгі құрметтің кейіпкері өмір жолы айта қаларлықтай еңбегі республика облысқа танымал зиялы қауымының пікірлерімен айшықталған алғаш туынды «Ел тағдыры еңбекпен еншілес» кітабының тұсауы кесіліп, әріптес тұстастарына естелікке таратылып, оқырманға жол тартса келесі кітабы да жарыққа шықпақшы. Қошеметке бөленген ел ағасы жерлестерін еске ала өз атынанқұрметтеу рәсімін жасады. 1967 жылдар тұсында ерекше еңбегімен көзге түскен «Доброволец» ұжымшарының Ленин орденіне ие болған тракторисі бүгінгі күні тоқсан жасты төңіректеп қалған Насыр Аймағамбетов ақсақалды құшағына қысып, еңбегін жастарға үлгі ете иығына шапан жауып құрмет көрсетсе, кезінде кезкелгеннің қолы жете бермейтін жоғары атақ зор марапатқа қол жеткізуіне тағыда басқа облыстан ұсынылған еңбек адамдарының еңбегін қорғап қарапайым адамдар үшін қам жеген Сапар інісіне Насыр ақсақалда ақ батасын берді. Сонымен қатар Желтау ауылдық округінде балалық шақтан естеліктей қысылғанда бір-біріне қамқор болған Оспан Шуриннің ұрпағы Ардақты ортаға шақырып шапан жапса, осы аудандағы әріптесі елі үшін еңбегі зор И Ю Демишев ақсақалға, арада болмаса да есіне алған әзілі жарасқан ауыл азаматы партия тапсырмасын орындауда еңбегі бар Тұрсынғали Егібаевты еске ала, Тұрсынғали құрдасының інісі Қосестектік механизатор кезінде өз әріптестерінің алды болған қарапайым еңбек адамы, тұстасы Әмірғали Егібаевты еске ала елге танымал ұлы Мақсат Әмірғалиұлының иығына да шапан жауып әкелік аманттай ақ жол тілеп арқасынан қағып тілегін білдірді.
Осы өткен өмір тағылымын айшықтаған кітаптың тұсау кесерінде елге танымал еңбек адамына құрмет көрсетіліп, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ел ағасының жастық шағын еске түсірер Шәмші әндерін нақышына келтіре орындады. Көрсетілген құрметке жалғас кітап кейіпкері әрі авторы әріптес тұстастары және де төрелеп құрмет көрсеткендерге қолтаңбасымен алғаш туындыларын тегін таратып алғыстарын алды. Құрметті қонақтың замандастары мен ізбасарларының басын қосқан ақ дастархан «Бақдәулет» кафесінде жайылып, әсерлі әңгіме мен естелікке толы ақ батаға ұласты.
Бақыт Имашев