Әлия көшесін әнмен тербеген ауыл күні

Өткен аптаның сенбісінде шаруашылығы шалқыған аты республикаға танымал «Степой» ЖШС орынтепкен Степной ауылдық округінің таңдауы батыр аналары Әлия Молдағулова көшесіне түсіп, былайғы уақытта бір-біріне кіріп шығуға уақыт таппайтын көршілердің басын қосып мерекелік думан өткізді.
Ауылдық округ кәсіпкерлері «Нұр Отан» партиясы ғимаратының алдындағы алаңда сауданы қыздыра ертемен ауа райының салқындығына қарамастан сатып алушылармен бағаны бағымдаушылардың қарасы көп болған жәрмеңкені өткізді. Біз өзіміз өндіреміз деген төрт түліктің өнімдері: құрт, май, қаймақ, ірмішік, қымыз түрліше ет түрлері шұжық дейсіз бе сөрелер толы алушылары да мол болды. Көпшілік қауым Әлия көшесінде , қанаттаса тігілген үш киіз үйге бет алды. Степной ауылдық округінің әкімі Гүлмайра Нуреділова көше тұрғындарына осы өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығына тоқталып, көше тұрғындарын думанды күнге үн қосуға шақырды. Келесі кезекте осы көшенің байырғы тұрғыны ауданның өркендеуіне айтарлықтай үлесі бар, соның ішінде соңғы кездері Степной, Қайрақты ауылдарында еңбек етіп, зейнет жасында болсада аттан түспей «Степной» Ж Ш С- да әлі де науқанға белсене қатысып жүрген еңбек адамы Оразғали Жұлдызбаев бүгінгі думанды күнге келген көршілерімен ұйымдастырушыларға сәттілік тіледі. Көше тұрғындары алдында Степной ауылдық округіне қарасты қос ауыл кітапханашылары Мөлдір Жанахмет пен Бегзада Абаевалар қазақтың соның ішінде батыстың үш батыр қызының бірі Әлия Молдағұлованың өмірін қысқаша баяндап өтті. Қазақы рәсімдегі бірінші үйге Әлия Молдағұловаға арналған тақтайша табысталып, лента кесу рәсімі көшенің байырғы тұрғындары Оразғали Жұлдызбаевпен Дәулет Қыдырбаевтарға бұйырды.Үш киіз үйге бас сұғушылар қатары көп болды. Бірінде қол-өнер , бірінде Степной мен Қайрақты ауылдық кітапханалар көрмесі көз тартарлықтай өтті. Қос ауылдың кітапханашылары ұсынған шағын кітапшалар түрлі- түсті ауыл адамдарын ауыл тынысын шебер көрсете білгендігі көрініп тұрды. Көше бойында өткен жылы ғана төселген айнадай тас жолға балалар сурет салып мәз болысса, кішкентай бүлдіршіндер тақпақ айтып сый сияпат алғанына мәз. Шара барысы жарылқау емес ересектерге естелік жастардың жадына сақтап қалар ауыл мәдениетін дәріптеу. Өз кезегінде әнмен биге кезек беріліп әуенді әсем әнмен би ырғағы жастарды желпінтіп, шау тартқан ата-әжелер қалай билегендерін де байқамай қалған думан болды. Степной ауылы еңбекпен қатар өнерді де өрге сүйреген ауылдық округ екенін әуелеген әнімен, бүлдіршіндердің мың бұралған билерімен таныта білді. Шара соңы арнайы марапатқа ұласты. Степной ауылдық округінің «Ауылым-алтын бесігім» атты акциясы аясында осы көшенің Ең жасы үлкен тұрғыны, көп балалы ана 80 жасты серік еткен Айзада Сәрсенғалиева әжелерін, бір шаңырақтың астында жұбын жазбай отырған ең жасы үлкен ерлі зайыпты Владимир Ступа Райса Ступа, Степной ауылдық округінің әлеуметтік дамуына үлес қосқаны үшін мемлекеттік қызметтен зейнетке шыққан осы көшенің байырғы тұрғыны Лиза Ықыласованы ауданның дамуына үлесі зор,Степной ауылында қол таңбасын қалдырған әмбебап ауыл шаруашылық маманы Оразғали Жұлдызбаев, осы көшенің ең жас тұрғыны төрт айлық София Канишева жоғарыда аты аталып айырықша еленгендерге Степной ауылдық округі әкімі Г Нуреділованың қолы қойылған «Алғыс хаттар» табысталып, Степной ауылы тұрғындары сыйға тартқан естеліктер сыйға тартылды. Марапаттың соңы осы көшенің байырғы тұрғыны №2-ші Бадамша орта мектебінде ұзақ жылдар еңбек етіп,осы мектепте өмірінің соңына дейін директорлық қызмет атқарған елге сыйлы ұстаз Гүлшат Ықсанбекқызын үнсіздікпен еске алуға жалғасты.
Көше тұрғындарын желпінткен, үлкендерді билеткен салтанаттың қорытынды сөзін іс- шараға жанашыр болып жүрген азамат О.Жұлдызбаев қорытындылап көршілерді қауыштырған, танымайтындарды таныстырған ән мен әрлеп, бимен сәндеп таяқ ұстағандарды билете, сый- сияпат бере көңілдерін көтерген жастарды желпінткен Степной ауылдық округінің өнерпаздарына бас болып келген ауыл әкімдігі, мекеме, мектеп жастарына алғысын айта, әліде көшеде той болсын, деген ағалық тілегін жеткізді.
Ауылдық округ әкімі Г Нуреділова еңбектерін бағалаған ызғырық желге қарамай бала-шағасымен қатысқан қарапайым көше тұрғындарына ризашылығын жеткізе алғыс айтты.
Атам қазақ той өкпесіз болмайдыны ескерсек,көше тұрғындары да алыстан ат артып келген ауылдық округ қызметкерлері де ауданның тізгінін ұстап тұрған зиялы қауымның төбе көрсетпегендеріне өкпелеп аттанғандай болды. Алда әліде бес ауылдық округ бар, ескеретін жай. Ауыл адамдары артынып-тартынып келгенде далаға келгендей қайтпау жағын ойластырса аудандағы зиялы қауым өкілдері шашбауын көтере жүрсе нұр-үстіне нұр болар еді.
Бақыт Имашев
Аудандық қоғамдық
кеңес мүшесі