Ұрпаққа мұра мекен жаңғырды

Сәтін салса Ақтөбеде қырқүйектің 28-29 күндері ауыл аймаққа демеу болар мағынасы зор форум өтеді. Қазақстанның басқа да аймақтарынан және әлемнің 20-дан аса елдерінен 300 дей жерлестеріміз анығын айтқанда адамзатқа қажетті түрлі сала мамандары Ақтөбе топырағының даңқты перзенттері бас қосады.
Солардың арасында Қарғалы өңірінен түлеп ұшқан іскер, елге танымал төл тумаларымыз да бар. Ендеше іске сәт!
2004 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазақстанның ғылыми және қоғамның еліміздің тарихи мәдени құндылықтарын қорғау ұқыпты пайдалануға бағдарланған. Барлық тарихи орындарды зерттеуге ұлттық тарихи мұраларды халықаралық деңгейде насихаттауға тарихи- мәдени мұраларды кешенді түрде зерделеуге басымдылық берілген. Осы бастаманың шапағаты тиген ұрпаққа мұра қалдырған орындар қалыпқа келе бастады. Алайда Қарғалы ауданындағы қазақы қасиеттен аумай, күні бүгінге дейін ұрпақтарына мұра қылып қалдырған Нұрпейіс хазіреттің аманатымен салдырған мекен Республикалық» Мәдени мұра» жобасына енбей қалған болатын.
Бұдан 153 жыл бұрын жағалбайлы руының ақсақалдары өз заманының қайраткері Дербісалы Беркімбаев болысты жіберіп Қарғалы өңіріне молдалық құрып отырыңыз деген шақыртуымен 1864 жылы қазіргі Батыс Қазақстан өңірінің Ақсу шиелі өңірінен 14 отбасын ерте көшіп келген Нұрпейіс қажының таңдауы Қарабұтақ ауылына түседі. Қысқаша айтсақ Нұрпейіс хазірет ауыл аймақты діни білім-іліммен сусындата, әдемі тұрғын үйлер, басқада тұрмыстық тіршіліктің тінін дарыта білген дана- тұлға болып қала бермек. Сол қадірін дәріптеген үрім-бұтағы да баба аманатына қаяу түсірмей қорғаштап келеді.
Оған дәлел Республикалық жобаға енбей қалған бабасы үшін зырқағып ізденген бабаның тікелей ұрпағы ауылдың қарапайым мұғалімі Меңзада Ахметханқызы Тоқтарованың еңбеге ерлікке пара -пар екеніне ел куә, еңбегі де бар.
Міне, биылғы «Туған жерге тағзым» акциясының шапағаты ауылдарға айтарлықтай демеу болды.
Солардың бірі Ақтөбе қалалық мәслихаттың депутаты ата-бабасы Қарабұтақ ауылында өсіп-өніп еңбекпен есейіп, елге пайдасын тигізе мәңгілік мекендерін ауыл іргесіндегі Қызыл тамнан тауып, ұрпақ саулығын тілеп жатса, әкесі елі үшін етек жеңі кең ел ағасы елге танымал Аманғос Төлеуовтың тұңғыш ұлы кәсіпкер Қайрат Төлеуовтің перзенттік қамқорлығының шапағатымен құрдымға кеткелі тұрған Нұрпейіс хазіреттің аманатымен 1902-1906 жылдары бой көтеріп тарих теперішінен төрт қабырғасы осы күнге әупірдеп жеткен ұрпаққа мұра мекенінкүрделі жөндеудің арқасында адам танымастай өзгертіп берді. Өткен аптаның қасиетті жұмасында салтанатты ашылуы өтіп, аманат мекенді жаңғыртқан әкелі балалы Төлеуовтер қасиетті мекеннің ашылуына қызыл тамда жатқан ата бабаларына ас беруге жалғастырды. Қасиетті іс шараға жиылғандар ұйымдастырушылардың есебінен еселеп артықтау болды. Айта кету керек бұдан бұрынғы іс-шараларда да осындай жиылған қауым көп болған. Осы жолыда облыс орталығы Ақтөбеден осы ауылдың төл тумасы ішкіістер қызметінің құрметті ардагері Бақыт Ғизатов ақсақал бастап ,Ақтөбе қалалық мәслихат хатшысы Слупан Шынтасова тағы да басқа зиялы қауым өкілдері аудандағы Қарабұтақ ауылынан қанат қаққандар қатысқан қауымның қарасы молдау болды. Қазақы сөзбен айтсақ бабаларының ниеті, шағын ауылдың қазақы қонақжайлық тірлігі деуге де болады.
Ашылу рәсімін аудан әкімінің орынбасары Ізгілік Тынымгереев ашып, аудандық мәслихаттың хатшысы Надежда Заглядова басқада мекеме басшылары ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыржан Бисенов ауыл ақсақалдары, ауылдық округі әкімдері, мекеме басшылары қатысып қолдау білдірді. Келесі құттықтау кезегін осы игі жақсылықтың басында жан ашырлық таныта,Қайрат ұлына ақылшы болып жүрген ел ағасы Аманғос Төлеуов ағынан жарылып ұлының ата бабасы жатқан қасиетті Қарғалы ауылына бүйрегі бұрған қамқорлығына ризашылық көрегендігін тілге тиек ете арнайы Өзбек елінің Хорезім қаласындағы діни орындарды сәулеттендіре тұрғызу мамандарын шақырғанының арқасында адам танымас қаліпке түскен мұралық мекенге ризашылығын білдіріп, жиылған қара-құрым халыққа рахметін айтты. Сөз кезегі тілектерге жалғасып аудандық мешіттің бас имамы Абуғали Айтжанов қажы, Бадамша ауылының ақсақалы спорт ардагері Сүлеймен Омаров, «Жеті арыс» қоғамдық бірлестік төрағасы Өтеген Мырзалин, Нұрпейіс хазіреттің ұрпақтары сөз алып, қонақтарға бас ие ризашылық білдіріп, баба қасиетін қасиеттеуге қандай да іс-шараның ұйтқысы болып жүрген Меңзада Ахметханқызы Тоқтарова көпшілікке бас ие рахметін білдіре әкелі балалы демеушілердің иықтарына шапан жауып, бабаларының шапағаты тиіп еңбектеріңіз өрге бассын, деген ақ тілегін білдірді. Қазақы қалыптан қайтпаған Қарабұтақ ауылының тұрғындары шетте болса да есіне алып жүретін пейлі кең ақжарқын ауылдастары атынан ризашылықтағы алғысын жеткізе, қуаныш көз жасына да ерік беріп алды. Кемпірсай ауылында тұратын Сырлыбай Қанапиннің немересі Нұрпейіс бабаларының атын еншілеген балақайға баба атын биік ұста, деген алғыстары мен жылқыдай өр мінезді жүйрікте алғыр бол, деген ниетпен жылқы еркесі құлыншақты сыйға атады. Жалпы алғанда бабаның тікелей үрім - бұтақтары жоралғымен келсе, қонақтардың үлкендерін ескере, Қарабұтақ ауылы біріге ересек қонақтарға қазақы шапан жаба, ризашылықтағы алғысты үйіп төкті. Салтанатты шара ұрпаққа мұра мекенінде өтіп құран бағышталып, бата оқылды. Қос әулеттің ата-бабаларының мекені қызыл тамда да құран бағышталды. Содан әрі қадірменді қонақтар Қарабұтақ ауылының шеті Нұрпейіс қажының басына келім-кетім қонақтар жайғасар ауыл шетіндегі жайсаң жерге орналасқан қонақ үйдің қасына қанаттаса тігілген қос киіз үйлерде толы ас мәзірінен ауыз тиіп, тілектер айтылып ,қасиетті баба рухын көтерген айтулы күн өтті.
Бақыт Имашев
Қазақстан журналистер
одағынің мүшесі