Латын әріптері – өмір талабы

Сондай-ақ бұл жоба қазіргі ақпараттық технологиялар заманына барынша сай келетіндіктен, еліміздің әлемдегі ең мықты дамыған, өркениеті жоғары 30 мемлекеттің қатарына қосылуға көмегін тигізеді деп ойлаймын. Осы тіл, ел тағдыры үшін аса маңызды істі жан-жақты ойластырып, кезең-кезеңімен жүйелі түрде атқаруымыз қажет. Оған дайындық жұмыстары басталып та кетті. Бүгінгі парламенттік тыңдауда қазақ әліпбиінің латын графикасындағы жаңа нұсқасы назарға ұсынылып, оң пікірлер айтылды. Бұл жалпыхалықтық талқылаудың басы деп білемін. Алдағы уақытта да осы жолдағы жұмыстар жалғасын табады. Барлық сын-ескертпелер ескеріліп, жаңа әліпбидің толық нұсқасы қабылданады деп ойлаймын.
Ұлттық жаңғыру бағытында атқарылатын шаралардың бірі ретінде Елбасының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі туралы айтқан ойлары жұртшылықтың, әсіресе, тіл мамандарының ерекше қолдауына ие болып отыр. Қазақ әліпбиі мен жазуын латын қарпіне көшіру мәселесі туралы еліміз егемендік алған алғашқы жылдардан бастап ғылыми ортада сөз қозғала бастаған еді. Осы жылғы сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек»,- деп, нақты тапсырма берген болатын.
Классикалық латын әліпбиі 25 әріптен тұрады: Аa, Bb, Cc, Dd, Ee, Ff, Gg, Hh, Ii, Jj, Kk, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Qq, Rr, Ss,Tt, Uu,Vv,Ww, Xx,Yy, Zz
Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін жасауда «бір әріп – бір дыбыс, бір әріп – екі дыбыс және бір дыбыс – диграф жүйесі» принципі негізге алынған. Латын графикасына негізделген 25 таңбалы әліпбиге қосымша қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толығымен қамту үшін 8 дыбысты таңбалайтын 8 диграфты ұсынылған:
- қазақтың 3 жіңішке дауысты ә, ө, ү фонемалары диграфтармен таңбаланады. Е дыбысы а, о, ұ жуан дыбыстарымен байланысқанда ә (ае), ө (ое), ү (ue)дыбыстарын береді.
- ң дыбысы ng диграфымен беріледі. Осындай диграф бірнеше тілдерде бар
- Ғ дыбысы gh диграфымен беріледі.Ғ дыбысының жіңішке сыңары гекені белгілі. Оның осы сыңарына һ таңбасын қосып, gh диграфын бердік. Әліпбидің осы нұсқасында дауысты дыбыстар е дыбысының қосындысы арқылы берілсе, дауыссыз дыбыстар һ дыбысының біріктірілуі арқылы ұсынылады.
- Ч дыбысы сh диграфымен беріледі. Ч түркі тілдеріндегі байырғы дыбыс. Сөздік қорымызда ч дыбысы қолданылатын кірме сөздер де баршылық.
- Ш дыбысы sh диграфымен беріледі. Бұл диграф ш дыбысын береді. Латынның s және h әріптері арқылы жасалған. Ол өздеріңізге белгілі, көптеген тілдерде кеңінен қолданылады.
- Ж дыбысы zh диграфымен беріледі. Ж дыбысын латын графикасының z және h таңбалары арқылы көрсеттік. Бұл дыбыс қазақ тіліндегі ж дыбысына сәйкес келеді және қоғамдық санаға енген таңбалау реті.
Қазіргі таңда латын әліпбиі осы талаптар биігінен көрініп, үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Қазіргі әліпбиімізге байланысты жазуымызда орын алған қиындықтарды түзетіп, тіліміздің табиғи айтылымына қайшы келетін кемшіліктерімізден арылатын кез келді. Қазір әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елдері латын әліпбиін қолданады, латын әріптері – өркениет жазуы, өмір талабы, сондықтан оның бұл артықшылығын ескеріп, біз де өз мақсатымызға сай латын жазуының игілігін көруіміз қажет.
Мария Сарина,
аудандық мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің басшысы