Дін және мәдениет

Қыркүйек айының басында аудандық мәдениет үйінің әдіскері Мейрамбек Мысаев ірі Ресей елі мен іргелес аудандағы елді мекен Әлімбет ауылының ауыл клубында мәдениет, өнер сала қызметкерлері мен ауыл жастары арасында «Дін және қоғам», деген тақырыпта кездесу өткізген болатын. Аталмыш ақпараттық кездесуге 15500 кітап қоры бар, ауыл тұрғындарына шаққанда әр оқырманға 15 кітаппен рухани демеу беріп отырған ауылдық кітапханасы, бірнеше ұлттық өнерге тәрбиелеу үйірмелері бар ауыл клубының меңгерушісі Әсел Мылтықбаева өткізілер іс-шараға тыңғылықты дайындалғандығы көрініп-ақ қалды. Негізгі кезекті кездесудің бағыты дін және қоғам оған қоса мәдениет төңірегінде өрбіді. Ақпаратшы өз сөзінде дәстүрлі және дәстүрлі емес діннің ара жігін ажыратуды баса айтып, әлемде елімізде қала берді өткен жылы Ақтөбе қаласындағы тыныштықты бұзған содырлардың кесел апатынан шолу жасады. Осындай олқылықтың бәрі қолымызды кеш сермегендіктен, соның орынын діни сауаттылықты жетілдіріп теріс ағымға жастарымыздың ермеуіне жабыла ат салысуымыз қажет. Өткеннен тарихта қалар жан түршігерлік жайттарды бейнекөрініс арқылы көрсетіп түсінік жұмыстарын толықтыра отырды. Дін саласында айтудың жауапкершілігі зор , солай десекте аудандағы өнер саласының мамандары биылғы жылы жақсы бастаманы қолға алып, дінді аудандағы жастар арасында насихаттауда өзгелерге өнеге боып жүр.
Кездесу соңында азда болса жиылған ауыл жастарына сұрақ қойып, ойларын ақ қағазға түсіргенде байқағанымыз, дінге деген көзқарас оң, алайда әліде жетілдіре түсу қажет екені байқалып қалды. Жалпы алғанда қандай да сала болмасын ақпаратшылар ауыл- аймақ білсін, - деп аттандап, ат артып барғаны мен тұрғындар естіседе естімегендей сыңай танытып енжар қарауы жанға батады. Бір сөзбен айтар болсақ, келешек ұрпаққа тәрбие беру үшін ауыл-аймақтағы аға буын ұйтқы бола білсе дейміз.
Шындығында ақпаратшылар келеді дегеннен гөрі, біз айтпасақ кім-айтадыны еске ұстасақ есеміз кетпес еді.
Бақыт Имашев