Күзгі ораққа орайлы сәт

Көктен берген, жерден өнгенөнімді төкпей –шашпай жинап алудың қамындағы жұртшылық әрбір тиімді күнді ұқыпты пайдалануға тырысады. Науқан барысы мен танысу үшін аудандық ауылшаруашылығы бөлім мамандарымен хабарласқан болатынбыз. Мамандардың берген соңғы деректерін сөйлетер болсақ, жағдай жақсы деуге де боларлықтай.
Ауданның негізгі кәсібі ауылшаруашылығы жердің несібесі, төрт түліктің өнімі. Ауданда жер мен айналысатын ірі 17 ЖШС-ы 64659 га жерге дәнді дақылдар сепсе, аудандағы 8 ауылдық округ бойынша 26258 га жерге дәнді дақылдар себіліп барлығы 90917 га жерден бұйырған өнім жиналуда. Бүгінгі таңда 63637 га шабылған жерден 70435 тонна өнім алынып, орта есеппен 1га жерден 11,1 центнерден алынғаны жиып, терілген. Ауыз толтырып айтуға да боларлықтай биылғы егіндіктен 1га жерден 9 центнерден кем алғаны саусақпен санарлықтай. Биылғы өнімге дихандар разы. Аудандағы егістік алқабына бидай, арпаны айтарлықтай егіп, сұлыны аздау ексе де өнім бар. Бұршақ, күзгі дақылдарда бар. Егілген дәнді дақылдардың қай-қайсысының да түсімі жаман емес. Әр шаруашылық биылғы несібені қырманға құйып, келер жылға дән жинап жиған- тергенді есептеуде. Арпа, бидай мұқият жиналып, тазартылып келер жылға дайындық жасалуда. Аудандағы мол өнім алған диханшылар қауымы биылғы дәнді-дақылдарды еккендерге бөлінер субсидияның қайырын көруденде үмітсіз емес. Неге десеңіз биылғы субсидия еккен егінге емес, алынған өнімге қарай төленетіндігін ескерсек біздің аудан дихандары үкімет берер көмектен де үмітсіз емес деуге боларлықтай. Осы қарқын мен тұрса, күзгі күн мінез көрсетпесе қырқүйек айының соңына таман барды қамбаға құйып көңілді бірлейтіндеріне де үмітті.
Бақыт Имашев